екінші жоғары білім алып жатсаң, əріптестерің «оны
қайтесің, жұмыстан онсыз да шаршап жүрсің ғой», –
дейді. Əсіресе, айналаңдағылар саған жиі нартəуекелге
барасың (жолың болмайды, қабілетсіз, мұныңнан ештеңе
шықпайды) деуі мүмкін. Адамдардың болмысы осындай.
Алайда, сырттан келетін қысымға берілмеңіз, сізге сенетін
жандардың ортасынан табылыңыз.
Тіпті жүз адам артқа
тартса да, алға тырмысып, мықты болыңыз!
Мені
қанаттандыратын
үлгі
боларлық адамдар
Мені бəрінен бұрын өзім жекелей танитын
адамдардың жетістікке жету жолдары қанаттандырады.
Сондай үлгі боларлық кісінің бірі – өзім аса құрметтейтін,
«Атлант-М» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы
Олег Хусаенов. Олег те мен сияқты Қостанайда туып-
өскен. Алты жас үлкендігі бар. Ол өз əріптестерімен бірге
ауадан бизнес тұрғызды, ал бүгінде Forbes нұсқасы
бойынша, «200 ірі ресейлік компания» тізіміне кірді.
Оның да инженерлік білімі бар жəне ол «жұлдызды»
қызметкер емес, жүйелі бизнес құрды.
Жүйелілікке байланысты Хусаенов
Достарыңызбен бөлісу: