Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда



Pdf көрінісі
бет34/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

ЖЕТІСТІК КІЛТІ:
Сапалы бизнес-білім алыңыз. 
Білім алуды жоспарлаңыз: портрет жасаңыз, неге
ұмтыласыз, қандай құзыреттіліктер жетіспейтінін
анықтаңыз жəне өсу жоспарын сызыңыз. 
Өзіңізге «Жетістікке жету Күнделігін» тұрақты түрде
толтырып отыруды міндетті етіп қойыңыз. Бұған əр
кеш сайын 10 минут арнасаңыз, жетеді. Күнді
қорытындылаумен аяқтаңыз жəне келесі тəулікті ерте
бастан жоспарлаңыз. 
Жаңа білімдер, жаңа байланыстар жəне жаңа
мүмкіндіктерге ашық болыңыздар. 
Пайдалы əдеттерді жасап шығарыңыз. 
Ертең бос кеткен уақытыңызға өкінбеу үшін бүгін
білім алыңыз. 


Болашақты бағамдау.
4
Егер бірінші болғыңыз келсе, əлі ешкім жасамаған
дүниені ойлап табыңыз.
Болашақты бағамдау
«Табысты бизнес үшін дəл уақытында керекті жерден
табылу керек» деген пікір бар. Иə, тың идеяң болып,
болашақта кірісі мол кəсіпке айналатын дүниені байқай
білу маңызды, əрине. Мұнымен қатар өз күшіңе сеніп,
жұмыс істеуді ертеңге қалдырмай, қазір бастау керек.
Жетістікке жету тек бастапқы капиталға немесе
тірегіңнің болуына байланысты емес, ең бастысы –
жұмыс істей білу, нəтижені көздеу, бір жобаға бар
ынтаңды салу жəне төзім.
Мен əрдайым өзіме ұнайтын істі тауып, сол салада
бірінші болғым келетін. Ұялы телефондарға қатысты
бірінші тəжірибемнің сəтті болу себебі – сол жылдары бұл
нарық енді ғана пайда бола бастады, ал ұялы
құрылғыларды пайдалануға тек ауқатты адамдардың
шамасы келді. Ұялы телефон əрбір адамның күнделікті
қажеттілігіне 
айналатын 
уақыттың 
келетінін
байқағандардың бірі – мен болдым. Осы идеяға үміт
арттым.
Өз ісіңді қалай табуға болады?
Біз əрдайым Батыстың қалай дамығанына қарадық,
қазір оларда сұранысқа ие нəрсе біршама уақыттан кейін
бізде, Петерборда да танымал болатынын түсіндік. Түрлі
бизнес-бағыттардың дүниеге куə болдым, алайда, көбінесе
адамдар 
киім-кешек, 
азық-түлікпен 
айналысты,
«сникерстер» əкелді… Менің кəсіпкерлік түйсігім «өз
ісіңді табуың керек», деді.


Сол жылдары ұялы телефондар сəнге айнала бастады.
Ол кезде өлшемдері басқа, стандарты өзгеше, кірпіш
сияқты үлкен əрі ауыр болды. Тіпті оларды өзіңді қорғау
үшін пайдалануға болатындай еді. Əйтсе де, оған бірлі-
жарлым адамның ғана қолы жетті. Мұндай қымбат
дүниені пайдалану бедел саналды. Ұялы телефондарды
уақытын үнемдеп, мəмілелер бойынша жылдам шешім
қабылдау үшін байлар жəне бір қоңыраумен өмір мен өлім
арасындағы мəселелерді шеше алатын қылмыс əлемінің
серкелері пайдаланды.
Ұялы телефондар бизнесі тіл табысудың арқасында
басталды. Аспирантурадан кейін Қазақстанға оралған ағам
мені өзінің оқытушы-əріптесінің ұлы, табысты бизнесмен
Илья Кравцовпен таныстырды. Илья компьютерлермен
айналысты, оның компаниясы өте танымал болатын, оған
ресейлік телеарналардан жиі көрсетілген жарнамасы куə.
Ол уақытта менің брокерлік бизнесім өрлеп келе жатқан.
Сондықтан ол бірігіп, ұялы телефон бизнесін жүргізуді
ұсынғанда, мен келістім. Оның үстіне, серіктесімнің
жақсы таныстары, əріптестікке қатысты қызықты
ұсыныстары болды. Оның неміс серіктестерінің бірі
Ресейде ұялы телефон бизнесін дамытуды ұсынды.
Əрқайсымыз өз үлесімізді қостық: мен ақша салдым,
Илья орын-жай мен байланыстарын ұсынды, сөйтіп ортақ
бизнесті дамыта бастадық. Мен бұл жобаның бүкіл
жұмыстарын жасадым, Илья құрылтайшы болды. 1994-
1998 жылдар аралығында біз көбінесе көтерме саудамен
айналыстық. Телефондардан ол кезде Nokia, Ericsson,
Motorola сынды маркалар танымал еді. Алайда, ұялы
телефондар жаппай дамыған кезде олардың ешқайсысы
бəсекеге төтеп бере алмады. Сол жылдардағы алыптардың
кейбірі бұл саладан мүлдем жоғалып кетті. Адамдар
атаулары жер жарған, жарнамасы мол компаниялардың
сəнді телефондарына ұмтылса, нарыққа соңынан келген
ойыншылардың өздерін аса кең ауқымда көрсетуге
мүмкіндігі болмады. Сондықтан оларға сенімсіздікпен
қарайтын. Мысалы, қазіргі үздіктердің бірі Samsung-ті ол


кезде 
ұялы 
телефондардың 
өндірушісі 
ретінде
мойындамайтын. 15 жылдан кейін бұл бренд нарықтың
қомақты бөлігін иеленіп, үні басым болады деп ешкім
ойламаған да еді.
Samsung телефондары Ресейге кешігіп, 1999 жылы
келді. Біз оларды алғашқылардың бірі болып, енді ғана
құрылған қазандық ТАИФ-Телеком операторы арқылы
шығара бастадық. Аталмыш оператордың басқарма
төрағасы қазіргі танымал ресейлік бизнесмен жəне
депутат Альберт Кашафович Шигабутдинов еді. Нарыққа
шыққан ол, бағасы арзан жəне төлемді кешіктіріп
жүргізуге болатын ұялы телефондар іздеді. Ал менде
алғашқы ірі дистрибьюторлардың бірі ретінде Samsung-
тан тауарлық несие болды. Осылайша, біз Ресейден əлі
ешкім біле бермейтін жəне телефондардарға қатысты
табысты келісімшарт жасастық.
Мен үнемі Еуропада не болып жатқанын зерттеп
жүрдім, сөйтіп болашақ мүлдем басқа болады, өмір сүру
деңгейі біртіндеп өсіп, ұялы телефондарды барлығы
қолданатын кез де келіп жетеді деген ойға келдім. Осы
салаға қатысты журналдан бір мақаланы оқығанымда,
бетбұрысты өзгертетін сəт туды. Телефон бизнесін дамыту
мəселесінде ауқымды тұтынушылар нарығына шығуды
ойға алдым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет