кезде
ұялы
телефондардың
өндірушісі
ретінде
мойындамайтын. 15 жылдан кейін бұл бренд нарықтың
қомақты бөлігін иеленіп, үні басым болады деп ешкім
ойламаған да еді.
Samsung телефондары Ресейге кешігіп, 1999 жылы
келді. Біз оларды алғашқылардың бірі болып, енді ғана
құрылған қазандық ТАИФ-Телеком операторы арқылы
шығара бастадық. Аталмыш оператордың басқарма
төрағасы қазіргі танымал ресейлік бизнесмен жəне
депутат Альберт Кашафович Шигабутдинов еді. Нарыққа
шыққан ол, бағасы арзан жəне төлемді кешіктіріп
жүргізуге болатын ұялы телефондар іздеді. Ал менде
алғашқы ірі дистрибьюторлардың бірі ретінде Samsung-
тан тауарлық несие болды. Осылайша, біз Ресейден əлі
ешкім біле бермейтін жəне телефондардарға қатысты
табысты келісімшарт жасастық.
Мен үнемі Еуропада не болып жатқанын зерттеп
жүрдім, сөйтіп болашақ мүлдем басқа болады, өмір сүру
деңгейі біртіндеп өсіп, ұялы телефондарды барлығы
қолданатын кез де келіп жетеді деген ойға келдім. Осы
салаға қатысты журналдан бір мақаланы оқығанымда,
бетбұрысты өзгертетін сəт туды. Телефон бизнесін дамыту
мəселесінде ауқымды тұтынушылар нарығына шығуды
ойға алдым.
Достарыңызбен бөлісу: