Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Білмегеніңнен емес, білуге ұмтылмағандығыңнан



Pdf көрінісі
бет31/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord
Білмегеніңнен емес, білуге ұмтылмағандығыңнан
қорқу керек. 
Меніңше, бұл фильмнің мəні – үлкендердің өмір сүру
үрдісі басқаша, көпті көргендіктен олардың тəжірибесін
ысырып тастауға болмайды, керісінше жұмыс барысында
қарттардың ақыл-парасатын пайдалана білу керек. Тіпті,
барлық компанияларда əлемге басқаша қарайтын сондай
адамдар болуы керек деп ойлаймын.
Бизнесте жəне өз қатарластарымыздың арасында
қаншалықты мықты болсақ та, өмірлік тəжірибе жағынан
үлкендерден 
асып, 
дана 
болмаймыз. 
Сондықтан
жастардың аға буынға құлақ асқаны жөн. Егер өйтпесе,
өзіндік қателіктер жіберіп, көп уақыт жоғалтып алады.
Бізде «үлкенді тыңда, құрметте», – дейді емес пе?! Иə,
бəлкім олар өмірлерінде айтарлықтай жаңалық ашпаған
шығар, құны миллиондаған доллар тұратын компаниялар
құрмаған шығар, алайда олар өмірдің өзін көрді.
Сондықтан бізге міндетті түрде 
алдыңғы толқын
өкілдерінің 
пікіріне 
құлақ 
асып, 
өмірлік
құндылықтарға толы тəжірибесін бойға сіңіруіміз
керек.
Өзіңізді өзіңіз ынталандырыңыз
Кейде адамдар: «оқу керек екенін, алға жылжу керек
екенін түсінемін, алайда өзіме билігім жүрмейді», – дейді.
Мұндай жағдайда не істеуге болады? Танымал коуч
Брайан Трейсидің «Привычки на миллионы долларов»
атты кітабында жақсы бір кеңес бар. Оның белгілі бір
мəселелерді 
түсіндіруде 
пайдаланатын 
мысалдары,
пайдалы ақпаратты сондай ұғынықты етіп жеткізетіні
маған ұнайды… Егер 21 күн бойы күнде бір нəрсені
жасасаң, ол кейін сенің ажырамас əдетіңе айналатыны
дəлелденген.


Түрлі жапондық əдістер бар. Мысалы, өз машығыңа
айналдырғың келетін қандай да бір істі бастау керек, 20-30
секундтан басталсын, алайда күн сайын дəл бір уақытта
жасау керек. Біршама уақыт өткеннен кейін ол секундтар
жарты сағатқа, сағатқа, екі сағатқа созылады – сосын ол
сенің қажеттілігіңе айналады. Сол себепті саналы түрде
алға қойған мақсатыңа қол жеткізуге көмектесетін
пайдалы əдеттерге машықтану керек. Олар: күнді кешегі
кештен бастап жоспарлау, таңертең немесе ұйықтар
алдында дамытатын кітаптар оқу, жұмысқа барар жолда
көлікте 
ынталандыратын 
дəрістер 
тыңдау. 
Өзіңіз
дамытқыңыз келетін əдеттердің тізімін жасап, күнделікті
оны жасап бастауға кеңес беремін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет