Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда



Pdf көрінісі
бет39/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord
Серіктестер
мен 
қызметкерлерді 
таңдағанда 
мен 
кəсіби
машықтарымен қатар əрдайым адамгершілігі мен
сенімділігіне мəн беремін.
Бизнес-мектепте 
жасалған 
түрлі 
қызықты
ұсыныстарға (оның ішінде Sony-ден ұсыныс) қарамастан,
Юрийдің біздің жаңа іске келуге келісім бергеніне
алғысым шексіз. 90-шы жылдары халықаралық білімі бар
мұндай үздік мамандар саусақпен санарлық еді, сондықтан


да оларға сұраныс үлкен болды. Алайда маған сенім
білдірді, міне арада 15 жыл өткенде өз таңдауына
өкінбегенін айтады.
Қазіргі таңда Юрий ARMAN компаниясының
құрылтайшысы болып табылады жəне холдингтің
Қазақстандағы жаңа энергетикалық бағытын басқарады.
Біз отбасыларымызбен араласамыз, жиі бас қосамыз.
Өзімен бір институтта оқыған оның əйелінен курстастары
кездесулерде «дəл осы Маркеловқа тұрмысқа шығу
керектігін, оның үлкен адам болатынын қалай білдің?» деп
сұрайды екен. Сонда ол: «мен Юрийді қолға алған ісіне
жан-тəнімен берілетіндігі жəне нағыз кəсіби шеберлігі
үшін құрметтеймін» депті. Оны мақтан тұтатын осындай
тамаша, тату отбасының бары қуантады.
Серіктестерді таңдағанда мен кейіннен дос болып
кете алатын жақсы адамдармен іс бастауға кеңес беремін.
Өкінішке орай, достыққа құрылған бизнес оң нəтиже
бермей жатады, сондықтан 
жақсы іскерлік қарым-
қатынастар орнауы тиіс, ал егер жұмыс барысында
бір-біріне түсіністік танытып жатса – сол кезде достық
орнатуға болады деп ойлаймын.
Егер бизнес – достар немесе туысқандар арасында
басталса, кімнің немен айналысатынын айқын белгілеп,
кімге 
қандай 
жауапкершілік 
жүктелетінін 
жəне
мақсаттарды анықтап, əрбірінің жұмысын бағалайтын
басты көрсеткіштерді белгілеу керек. Өз тəжірибемнен
айтсам, кімнің неге жауап беретінін, бірлесіп қандай
көрсеткіштерге жететінімізді, белгілі бір жағдайда қандай
əрекет жасайтынымызды ең бастапқыда келісіп алу керек.
Жəне кəсіпорынның қандай шарттармен құрылатынын,
əрқайсысының қандай активпен кіретінін, кəсіпорыннан
қалай шығу керектігін жарғыда жазу керек. Сол кезде егер
белгілі бір уақыттан кейін кəсіп берушінің көңілінен
шықпаса немесе басқа ұсыныс алса жəне кеткісі келсе,
компания одан зардап шекпейді. Меншік иелерінің бірі
бизнестен кетсе де, табысты жұмыс істеуін жалғастырып


келе жатқан көптеген компаниялардың жетістігінің кепілі
осында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет