Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Ең тиімді стратегия – ол басқа адамдардың ақшасына жұмыс



Pdf көрінісі
бет42/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord
Ең тиімді
стратегия – ол басқа адамдардың ақшасына жұмыс
істеу.
Ал дебиторлық берешекті тезірек алуға тырысыңыз,
ақшаңыздың «ауада қалықтауына» жол бермеңіз.
Сонымен қатар бизнесмендерге компания қызметін:
шоттардағы қалдықтарды, шикізат сатып алу құнын
тексеретін, түгендейтін, сапа бақылауын жүзеге асыратын
ішкі аудиторларды пайдалануға кеңес беремін. Ішкі
аудиторларды пайдалану сiздерге өз компанияңыздың
ахуалы туралы сенімді ақпаратты көруге мүмкіндік береді.
Бизнесіңнің тамыр соғысын сезіп отыру үшін
ұдайы мына үш аспектіні тексеру керек:


– қаржылық есеп-қисап (пайда мен шығын
туралы 
есеп, 
баланс, 
ақшалай 
қаражаттың
қозғалысы);
– қызметкерлердің қанағаттануы;
– клиенттердің қанағаттануы.
Жылына екі рет мен жалпы жиналыстарда барлық
қызметкерлермен 
кездесемін, 
олармен 
тілдесіп,
сұрақтарымды 
қоямын, 
компаниядағы 
ұжымдық
атмосфераның дұрыстығына көз жеткіземін. Сонымен
қатар ұдайы сервистік бөлім арқылы кері байланысты,
біздің өнімімізге қаншалықты көңілдері толатындарын
білу үшін клиенттеріміздің ұсыныстары мен пікірлерін
зерттейміз. 
Қаржы, нарық жəне қызметкерлер –
компания жұмысына баға беретін үш негізгі
көрсеткіш.
Жақсы 
жұмыс 
істеп, 
жақсы
демалыңыздар.
Кəсіпкердің жұмысы аптасына жеті күн, тəулігіне 20
сағатқа дейін созылады. Ал кімде кім жақсы жұмыс істесе,
ол жақсы əрі сапалы демалуы керек. Көптеген
бизнесмендер 
демалысқа 
уақыт 
қалмайды 
деп
шағымданады, бұл мəселеде де жоспарлай білу маңызды.
Уақыт 
жетіспеушілігіне 
байланысты 
барлық
мəселелер тек жоспарлаумен жəне уақытты тиімді
пайдаланумен шешіледі. Ғалымдар спорттың еңбек
өнімділігіне оң əсер ететінін дəлелдеген. Билл Гейтс, Опра
Уинфри, 
Ричард 
Брэнсон 
өз 
сұхбаттарында
жұмысбастылықтарына қарамастан, таңертең үйден
шықпас бұрын, міндетті түрде жүгіретіндерін айтады жəне
оны жасайтын себебі – дене дайындығы оларға биіктен
көрінуге көмектеседі. Ал дене жаттығуларына уақыт жоқ
дейтін адамдар бұрынғыша шаршап, жұмыс орнында
тиімсіз сағаттарын жоғалтуын жалғастыра береді.
Жаттығулардың арқасында күрделі мəселелер жеңілірек


шешіледі, жұмыс жылдамырақ жүреді, бұрынғыдай
күннің ортасында шаршау деген болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет