Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Идеяны бағалаңыз жəне өзіңіз үшін мынаны



Pdf көрінісі
бет37/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord
Идеяны бағалаңыз жəне өзіңіз үшін мынаны
анықтаңыз:
– бұл қажеттілікті қалай өтейсіз жəне оны
бəсекелестеріңізден қалайша артық етіп жасайсыз
(бағамен, қызметпен, ыңғайлылықпен, сапамен жəне
т.б.);
– өніміңіз немесе қызметіңіз оңай көшіріліп
алынбас үшін қандай шара қолданасыз? (барлық
қалған тілек білдірушілерте бұл нарыққа кіруге
сауатты шектеу қою маңызды).


Мен ұялы телефон бизнесінен шығып кеткенімде,
жаңа мүмкіндіктер іздедім. Тағы да таныстарымның
арқасында түрлі қызықты ұсыныстар алдым. Siemens
өкілдігінде жұмыс істеген мəскеулік жігіттер сол кезде
сандық диспетчерлік байланыс əлемінiң «Мерседесі» –
Neumann Elektronik неміс компаниясымен бірге жұмыс
жасауды 
ұсынды. 
Бұл 
істе 
мен 
өнеркəсіптік
кəсіпорындарға арналған, посткеңестік кеңістікте əлі
болмаған, жабдықтың делдалы болдым.
Сол жылдары зауыттардағы диспетчерлік байланыс,
кеңестік заманнан қалған аналогтық байланыс болатын.
Мен нарықты зерттеп, талдап, ойландым, қарадым,
қоңырау 
шалып, 
жан-жақтан 
сұрадым. 
Ресей
кəсіпорындарында сандық байланыс жоқ екеніне көзім
жеткенде, мұның əлі ешкім игермеген іс екенін түсіндім.
Ол кезде барлық өнеркəсіптік кəсіпорындар жақсы
табыс тауып (мұнай-газ саласы, металлургия), өз
зауыттарын қайта салу мен жаңғыртуға қаражат құйып
жатқан. Ерте ме, кеш пе олар тек цехты ғана емес,
технологияны да жаңарту керектігін түсінеді деп ойладым
жəне оларға байланыс, яғни, біз керек боламыз.
Бастапқыда бəрі оңай болған жоқ. Үлкен төзім керек
болды. Бірінші жылы тапсырыссыз отырдық, бірде бір
сөйлесу құрылғысы сатылмады. Нəтижесінде жобаны əрі
қарай қаржыландыру үшін маған соңғы активім –
«Большевиктер даңғылы» метро стансасының жанында
орналасқан мұз сарайы маңындағы екі бөлмелі пəтерімді
сатуға тура келді. Ол кезде тұңғыш балам дүниеге келген.
Сол пəтерде үшеуіміз тұрғанбыз. Алайда, өзімнің
отбасылық жағдайыма қарамастан, тəуекелге бел буып,
пəтерді сатудан түскен ақшаны бизнеске, компанияны,
қызметкерлерімді қаржыландыруға, жалдауға жұмсадым.
Соның бəрі алғашқы келісімшарттарға жету үшін, істі
қолдау үшін жасалды.
Бір жыл жұмыс істеген соң ғана алғашқы
келісімшартқа 
қол 
жеткіздік. 
Біздің 
сандық
құрылғылардың қажеттілігіне адамдардың көзін жеткізіп,


«Омбы МӨЗ-бен» келісімшарт жасастық. Бұл бизнес
ТМД-да 
бұрын-соңды 
болмағандықтан, 
аталмыш
құрылғының қажеттілігіне адамдардың көзін жеткізе
отырып, сұранысты жасадық. Қазір ол құрылғылардың
ыңғайлы, сенімді, қызмет көрсету мен пайдалануда
жайлылығы соншалықты, кəсіпорындар оларсыз қалай
өмір сүргендерін елестете алмайды.
Біз неміс қондырғысының жай дистрибьюторы
ретінде бастап, кейін оны өндірудің аса қиын емес екенін
байқадық. Бізде тапсырыс берушілер əртүрлі, сондықтан
кейде ерекше қызметтерді талап етеді. Оларға арнап дара
өнім жасап, нақты клиенттің қажеттіліктеріне орай өз
бағдарламаларымызды жаза бастадық. Бұл бізге алға
жылжуға 
көмектесті. 
Жаңа 
технологиялар, 
жаңа
процессорлар, жаңа чиптер нарыққа əрбір жарты жыл
сайын шығып отырды, ал біздің негізгі шетелдік
бəсекелестеріміз оларды баяу енгізді. Батыстағы басты
ойыншылар бар жағдайларын жасап алып, асықпай
еңбектерінің жемісін жеумен болды. Жыл сайын жаңа
өнім шығаруды ойға алмады. Ал жас əрі белсенді біздер
жабдығымызға тезірек жаңа қызметтер енгізуді ойладық.
Соның нəтижесінде көп ұзамай, осы нарықтың
үздіктерінің біріне айналдық.
Салаға қызығушылық туғыза отырып, барлық
артықшылықтарды 
жинап 
алуға 
болады. 
Егер
бəсекелестерді үнемі көшіріп отырсақ, олар ұдайы жаңа
əлдене ойлап табады да, бəрібір алды шығып отырады.
Сондықтан өзіңдікін ойлап тапқан маңызды. Бұл ең оңай
жол емес, алайда өзінің қызығы да бар! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет