Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда



Pdf көрінісі
бет33/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord
«Порядок бьет
класс»
деген сөзді қолданады. Мұның мəнісі – егер сен
тəртіппен жұмыс істейтін жүйе құра алсаң, ол уақыт өте
келе бизнесті тек əкімшілік ресурстар, байланыстар,
жарнама арқылы жасағысы келетін кез келген адамды
басып озады. «Жүйесіз бизнес жұмыс істемейді», – дейді
əріптесім, онымен толықтай келісемін. Сондықтан егер ірі
бəсекеге қабілетті компания құрсаң, тиімді жүйені жасауға
уақыт салу керек. Мен көп нəрсені соның өзінен жəне
компаниясынан, əріптестерінен үйрендім. Біз жиі кездесіп
тұрамыз, достығымыз бар, əрқайсымыз бір-бірімізден
жаңа əлдене табамыз.
Үлгі болатын тағы бір адам – ол жетекші еуропалық
бизнес-жаттықтырушылардың 
бірі, 
«Salecraft»
компаниясының негізін қалаушы əрі бас директоры


Радмило Лукич. Өкінішке орай, өткен жылы дүниеден
өтті. Ол корпоративтік сатылымды ұйымдастыру
саласындағы ең табысты жаттықтырушылардың бірі
болатын, мен одан сабақ алдым. Ол DEE MOLINAR,
ORACLE жəне «АйТи» компанияларында «Жыл адамы»
ретінде мойындалған, ісінің шебері болатын. Бізге
коммерциялық бөлімнің сату жүйесін құруға сол кісі
көмектесті.
Мен біздің мамандардың сатылым бойынша білім
деңгейін поскеңестік кеңістіктегі үздіктердің қатарына
жатқызамын. 
Біз 
Радмило 
Лукичтің 
көмегімен
мамандарды даярлаудың, аттестаттаудың жəне ішкі
тренингтердің өзіндік əдістемесін жасап шығардық.
Сонымен қатар, сатылым жəне клиенттермен жұмыс
істеудің бірегей жүйесін құра алдық. Клиенттерімізді
зерттегеніміз соншалықты, түрлі саладағы барлық
технологиялық үдерістерді білеміз. Оның ішінде бізге
тікелей қатысы жоқ шаралар да бар. (Мысалы, мұнайдың
92-ші 
жанармайға 
айналу 
барысы.) 
Нəтижесінде
клиенттердің 
талабынан 
шығатын 
өнімді 
жасай
алатынымызды 
білеміз 
жəне 
бұл 
олардың
кəсіпорындарында дəл біздің шешімдердің қолданылуы
керектігіне көз жеткізуімізге септігін тигізді.
Біз көп нəрсені үйрендік, бастысы – қаншама
компаниялар айтып қана қоятын дүниелерді жүзеге
асырдық. Мысалы, кеңінен танымал сапа менеджменті
жүйесі шын мəнісінде барлық компанияда жұмыс
істемейді. Олардың кеңселерінде ISO-9000 дипломдары
мен т.б. бар. Ал шын мəнісінде бұл жəй ғана қабырғада
ілініп тұрған сертификаттар. Жүйенің өзін енгізбеген жəне
пайдаланбайды. Ал бізде бұл жүйелік дүниелер бекітілген
жəне жұмыс істеуде, PMI жобаларын басқарудың тиімді
жүйесінің жəне барлық үдерістер мен шағын міндеттерді
Гантт диаграммасында ұйымдастырудың арқасында адами
факторға тəуелділіктен құтыламыз.
Сондай-ақ, бізде ARMAN компаниясында сатылымды
бір жыл алға болжаудың бірегей жүйесі бар. Ал ТМД-да


сатылымды бірлі-жарым компаниялар ғана болжай алады.
Алға кетіп жұмыс істеу мен клиенттің бюджетіне ене
білуіміздің 
арқасында 
жыл 
сайын 
жоспарланған
жобалардың бірқатарына қол жеткіземіз жəне 80%
ықтималдылықпен өз пайдамыздың көлемін білеміз. Тіпті
девальвация кезінде де бізде сатылым бойынша
болжамдар, өсімді көрсетеді. Мен оны мақтан тұтамын
жəне біліміміз бен жүйелі жұмысымыздың нəтижесінде
тұрақты өсуге қол жеткізіп отырмыз. Білім – ол күш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет