Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Өмірде бізге маңызды ақпарат жиі келеді



Pdf көрінісі
бет35/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord
 Өмірде бізге маңызды ақпарат жиі келеді:
егер жанасын қабылдауға дайын болсақ, мүмкіндіктер
өзінен өзі күн сайын пайда болып отырады. Тек дұрыс
қорытынды жасап, аңысын аңду керек.
1998 жылы дағдарыс өршіп, нарықта не болып
жатқаны, əрі қарай не істеу керектігі түсініксіз болып
жатқанда, 
мен 
АҚШ-тың 
Dieceland 
Technologies
компаниясының бір рет пайдаланатын телефондарды
өндіре бастайтыны туралы естідім. Сол кездің өзінде
телефон өндірушілер аппараттардың бағасын жүз
доллардан елу долларға, яғни екі есеге дейін түсіруге
тырысты. Бір күні əлемде əлдекімнің бір рет қолданатын
шприцтар секілді, қолжетімді он долларлық бір рет
қолданатын телефондарды өндіргісі келетіні туралы


мақала көзіме түсті. Бұл менің санамда төңкеріс жасады
жəне əрекет етуге түрткі болды. Əлдекім: «адамдар қызық,
бір рет қолданатын телефон кімге керек, бір мəртеден
кейін тастайсың ба?» дейтін болар. Мен бұл ақпаратты
басқаша қабылдап, жаңа мүмкіндіктерді аңғардым: бұл
ұсыныстың артында жаңа дəуір тұрды. Телефондар
адамдар тіс щеткасын қалай пайдаланса, сондай
қолжетімді зат болады. Əрбір адам оны күнделікті əдетке
айналдырады. «Назарды қарапайым адамдарға аудару
керек» деп ойладым. Ал ондай кісілерді қайдан табуға
болады, олар қайда жүреді? Олар метроға мінеді, дүкенге
барады.
Осылайша мен қолға алынбаған жаңа бір кəсіпті
тауып, Ильяға метроның жанынан жəне басқа да адам көп
жүретін жерлерде дүкендер желісін ашуды ұсындым. Бұл
бұрын болмаған идея: себебі, біздің саладағы кəсіпкерлер
ол кезде тек табысы жоғары адамдарға ғана мəн беретін.
Ұялы байланыс дүкендері қымбат аудандардан ашылды,
онда міндетті түрде көлік тұрағы болуы тиіс еді. Себебі,
клиенттер тек темір тұлпарлармен жүреді. «Жаяу
жүргіншілерді» ешкім сатып алушы ретінде қарастырған
жоқ. Ал біз осы бір қымбат емес сегментке алғашқы
болып қадам бастык. Бизнесімізді «қарапайым адамдарға»
арнадық.
Осы бағытта жүйелі түрде жұмыс жасай бастадым.
Мен адам көп жүретін жерлердің қожайындарымен
келіссөздер жүргізіп, ұялы телефондарға арналған
сөрелерді қоятын бес-алты шаршы метрлік орындарды
жалдадым. Біздің ұялы телефондарымыз метроға кіре
берістерде, гипермаркеттерде пайда бола бастады.
Бұл идеямды айналамдағылар бірден қабылдап,
түсінді дей алмаймын: метрoмен жүретін адамдардың
ұялы телефон сатып ала алатынына ешкім сенбеді.
Алайда, мен жұмысымды жалғастырып, нарықта өсуімді
тоқтатпадым.
Біз жақсы көрсеткіштерге жету үшін уақыт керек
екенін түсіне отырып, идеямызды əдістемелі түрде


енгіздік. Нарықтың əлі дайын емес екенін ескерсек,
нəтижеге қол жеткізу үшін екі жылымызды жоспарлау мен
жүйелі жұмысқа арнадық жəне қолымыздан келгенше
өзіміз дүмпу туғызып, сəнге айналдырып, өнімімізге деген
қызығушылықты арттырдық.
Егер бизнес стратегия туралы айтсақ, біз тек арзан
стендтерге қаражат жұмсадық. Қалғаны – тіл табысудың
нəтижесі. Тауарды бизнесімізге сенген ірі көтерме
саудагерлер өткізуге беріп отырды. Сатылым нүктелерін
де сатып алғанымыз жоқ, аз-маз ақшаға жалдадық.
Осылайша, қандай да бір қомақты қаражатсыз-ақ
нарықтың едəуір бөлігін қамтып, ұялы байланыстың
алғашқы желілерінің бірін құра алдық.
Осы тəжірибемнен кейін, ісін жаңадан бастаған
кəсіпкерлер үшін маңызды қорытынды жасадым: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет