7 сынып
Тапсырма: Мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз:
Географиялық зерттеулер қандай кезеңдерге бөлінеді?
География ғылымының дамуына қомақты үлес қосқан ғалымдарды атап шығыңыз. Олардың үлесін бағалаңыз.
Орта ғасырдағы географиялық ашуларға баға беріңіз.
Ұлы географиялық ашулар кезеңнін саяхатшыларды атап шығыңыз.
Ұлы географиялық ашулардын болу себептері қандай?
XIX ғасырдағы географиялық ашулының басты мақсаты қандай?
Қазіргі заманда географиялық зерттеулердің мақсаттары қандай? Неліктен?
Тақырып: Саяхатшылар мен зерттеушілердің география ғылымының
дамуына қосқан үлесі (вклад).
География ғылымы адамзаттың тарихы мен мәдениетінің дамуымен, тұрмыс-тіршілігімен және қоршаған мекен ортасын танып-білуімен тығыз байланысты. Адамзаттың географиялық түсініктері алғашқы қауымдық кезеңнен –ақ жинақтала бастады. Жер табиғаты, халықтары және олардың тұрмыс-тіршілігі жайлы деректер мыңдаған жылдар бойы жинақталды, сондықтан географиялық зерттеулердің тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді:
Ежелгі дәуір,
Орта ғасырдағы (век) географиялық ашулар,
Ұлы географиялық ашулар,
XIX ғасырдағы басты географиялық жаңалықтар,
XX ғасырдағы ірі географиялық жаңалықтар.
Ежелгі дәуір
Ежелгі дәуірде Месопатамияда, Парсы жерінде, Мысырда , Ежелгі Грек, Рим елдерінде географиялық деректер жинақтала басталды. Грекия оқымыстыларының еңбектері географияның ғылыми негізін (основы) қалады.Тарих ғылымының негізін салушы грек ғалымы Геродоттың 9 томдық «Тарих» атты еңбегінде географияның алғашқы ғылыми түсініктерін берілген. Мұнда тұңғыш рет табиғат жағдайларының алуан түрлілігі географиялық ендікке байланысты түсіндіріледі. Ежелгі грек ғалымы Аристотель Жер- шар тәрізді деген түсігін дамытады. Жылды 365 күнге бөліп, Ай мен Күннің тұтылу себептерін делелдеп берді. Эратосфен ендікті , бойлықты нақты өлшеп, тұңғыш рет географиялық карта жасады, математикалық географиянның негізін салған. Эратосфен
«Географика» деп аталатын еңбегін шығарған және «география» ұғымын ғылымға енгізген . Сондықтан грек ғалымы Эратосфенді « География ғылымының атасы» деп атайды.
Орта ғасырдағы географиялық ашулар
Орта ғасырдағы географиялық ашуларды бастаған арабтар Үнді мұхиты арқылы Африка жағалауынан Зон аралдарын дейін жүзіп барды, Қытай мен Үнді жерлеріне саяхат (путешествие) жасады, математикалық географиянның дамуына зор үлес қосты. Жер туралы мәліметтер ХІІІ ғасырда Марко Полонның Азияға жасаған саяхаты нәтижесінде Памир табиғаты, Үндістан мен Қытай жерлері туралы жаңалықтарымен толықтырылды. Еуропалық саяхатшылар Плано Карпини мен Вильгем Рубрук ХІІІ ғасырда Орталық Азияға саяхат жасау барысында қазақ жерінде де болып құнды географиялық деректер жинақтаған. XV ғасырда тверлік көпес Афанасий Никитин Парсы жерін басып өтіп, Арабия теңізі арқылы Үндістанға саяхат жасаған соң, « Үш теніздің ар жағына саяхат» атты еңбек жазып қалдырған.
Ұлы географиялық ашулар
Ұлы географиялық ашулар кезеңі XVI- XVIII ғасырлар аралағындағы жаңа жерлердің ашулымен байланысты география тарихындағы аса маңызда жаңалықтарымен сипатталады. Географиялық ашулардың барлығы феодализмнің ыдырау кезеңінде жаңа жерлерді басып алып, өте қуатты капиталистік мемлекеттердің қалыптасуымен тығыз байланысты болды. Осы кезеңде Христофор Колумб, Васка да Гама, Фернан Магеллан, Семен Дежнев, Джеймс Кук, Ф. Беллинсгаузен мен Ю. Лазарев саяхат жасап, жаңа жерлерді ашып және көп географиялық ғылыми деректер жинаған.
XIX ғасырдағы басты географиялық жаңалықтар.
Осы кезең «ақ таңдақтарды» жоюмен, яғни бұрын зерттелмеген жаңа жерлерді ашумен байланысты. П.П. Семенов Тянь-Шанский мен Н.М. Пржевальский экспедициялары Орталық Азия мен Тибеттің тылсым табиғатың зерттеді. Орталық Азияны зерттеушілер қатарында қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов та бар. А. Гумбольдт Оңтүстік Америка мен Азияның, Д. Ливингстон мен Р. Стенли Африка табиғатынның көптеген құпияларын ашты.
XX ғасырдағы ірі географиялық жаңалықтар.
Антарктика материгінің табиғатымен, оның мұз жамылғысы , және мұз астындағы жер бедерінің сипатымен байланысты болды. Әсіресе дәйекті зертеулер 1957-1958 жылдар аралығындағы Халықаралық геофизикалық жыл бағдарламасы негізінде жүргізілді. Ол жұмыстардың нәтижесінде Антарктиканы толық сипаттайтын екі томдық атлас даярланды . Бүгінгі таңда Жер шарында ашылмаған жер жоқ деуге де болады, бірақ онымен географиялық ашулар тоқтады деген ұғым тумау керек. Жаңа географиялық зерттеулерде ғылым мен техниканың сонғы жетістіктері: ғарыштық (космические) және аэрокескіндеулер , геофизикалық зерттеулер, ақпаратты компьютерлік өңдеу кеңінен пайдаланады. Қазіргі заманғы география ғылымы табиғи ортаны қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдалану, мұхит табиғатын жаңа құралдар мен әдістер көмегімен танып-білу, адамзат пен табиғат арасындағы өзара байланыс, табиғат апаттарын болжау және оларды болдырмау зерттеулер жүргізеді.
Қолданған әдебиет:
Бейсенова Ә. География. Материктер мен мұхиттар. Алматы: Атамұра, 2012 § 2
Достарыңызбен бөлісу: |