Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет112/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Бағалы қағаздар нарығы
бұл құнды 
қағаздар (облигациялар) айналымы арқылы қаржы ресурста-
рына деген ұзақ мерзімдік қажеттіліктерді қанағаттандыратын 
жəне жинақ ақшаларды инвестицияларға айналдыратын қаржы 
нарығының құрамдас бір бөлігі.
Бағалы қағаздар
– бұл пайыз немесе дивиденд түрінде табыс 
көзін төлеуді қарастыратын сол құнды қағазды шығарушы мен 
оның иесі арасындағы қарым-қатынастармен анықталатын қарыз 
құралдарын иемденумен байланысты қаржылық құжат. Осын-
дай құжаттардың төңірегінде тұлғалар арасында ақшалай жəне 
ақшалай емес құқықтармен алмасу мүмкіндіктері жүріп отырады.
Макроэкономикада бағалы қағаздар нарығы екіге бөлінеді:
1. Бірінші реттік нарық
– жаңа құнды қағаздардың эмиссия-
сы жасалатын нарық жəне құнды қағазды шығарушы-эмитенттің 
атаулы бағамен сол құнды қағаздарды нарықтағы инвесторларға 
сатуын сипаттайтын қатынастар.
2. Қайталама нарық
– бұрын шығарылған құнды қағаздарды 


157
қайта сату-сатып алу қатынастары орын алатын нарық. Мұндай 
нарықта көбінесе облигациялардың нарықтық (курстық) бағасы 
анықталады. Облигацияның курстық бағасы мына формуламен 
анықталады:
В = а / i
мұнда, В – облигация курсы; а – облигациялар бойынша 
табыстың тіркелген сомасы; і – пайыздың ағымдық қойылымы.
Алайда, макроэкономикада ақша нарығында тепе-теңдік 
орын алғанда біз бағалы қағаздар (облигациялар) нарығындағы 
тепе-теңдікті де ұмытпағанымыз жөн. Кейбір отандық əдебиет 
көздерінде ақша нарығы мен облигациялар нарығы өзара бір-
бірімен байланысқан «сыбайлас тамыр жүйесі» секілді деп си-
патталады. 
 
Қорытынды
1. Ақша – бұл абсолютті өтімділікке ие айырбас құралы. Ақшалар 
инфляциялық үрдістерді, циклдік толқуларды, экономиканың тепе-
теңдікке жету механизмін, тауар жəне ақша нарықтарының тиімді 
жұмыс істеуін талдайтын аса маңызды макроэкономикалық категория 
ретінде саналады.
2. Ақша мынадай қызметтерді атқарады: 1) 
құн өлшеу құралы 
ретінде
– тауарлардың бағалар түріндегі құндарын өлшеу жəне салыс-
тыру үшін қызмет атқарады; 2) 
айналым құралы немесе жалпылама 
айырбастау құралы ретінде
– айырбас кезінде делдалдық қызмет 
атқарады; 3) 
жинақтау (құнды сақтау) құралы ретінде
– болашақта са-
тып алушылық қабілетті қамтамасыз ету қызметін атқарады; 4) 
төлем 
құралы ретінде
– несиелік төлемдерді қайтару үшін қызмет атқарады; 
5) 
əлемдік ақшалар ретінде
– əлемдік нарыққа қызмет көрсету үшін 
қолданылады.
3. Ақшаның бағасы ақша нарығында ақшаға сұраныс пен ақша 
ұсынысының нəтижесінде қалыптасады. Ақшаға деген сұраныс (М
d

– тұр ғындар мен фирмалардың берілген уақыт мезетінде белгілі бір 
төлем операцияларын жүргізу үшін нақты қаражаттар көлемін өз қол-
дарында ұстағысы келетінін білдіретін қалаулары; нарықтың ақша 
қаражаттарына деген жалпы қажеттіліктері. 
4. Ақша ұсынысы (M
S
) – бұл банктен тыс айналымдағы ақша көлемі. 
Ол қолма-қол ақшалар (С) мен экономикалық агенттердің талап еткенге 


158
дейінгі депозиттерінен (D) құралады немесе ақша ұсынысын M
1
ақша 
агрегаты деп қарастыруға болады.
5. Ақша нарығындағы тепе-теңдік – бұл ұсынылатын ақша көлемі 
жəне жеке тұлғалар мен кəсіпкерлер қолдарында ұстағысы келетін 
ақша көлемінің теңесуі. Ақша нарығындағы тепе-теңдікті Ұлттық банк 
реттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет