161
1. Тақырып бойынша э к о н о м и к а л ы қ с ө з д і к (глоссарий)
жасау.
2. Тақырып бойынша л о г и к а л ы қ с х е м а л а р құрастыру.
3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:
- Қазақстандағы ақша нарығы, айналымдағы ақша массасының
құрылымын анықтау жəне негізгі ақша агрегаттарына сипаттама беру;
- ҚР бағалы қағаздар
нарығының даму перспективалары;
- Қор биржалары жəне қор индекстері. Қазақстандағы қор биржа-
лары.
4. Өзіндік жазба жұмыстар (конспект):
- Ақшаға деген сұраныстың монетаристік тұжырымдамасы.
- Бағалы қағаздар (облигациялар) нарығындағы тепе-теңдік.
5. Жаттығулар, есептер жəне т.б. тапсырмалар:
1. Келесідей мəліметтер берілген: cr = 20%, rr = 12%, С = 200 000,
мұнда, cr – халықтағы қолма-қол ақшаның депозит шамасына үйлесімі;
rr – міндетті резервтер нормасы; С – айналыстағы қолма-қол ақша.
Табу
керек:
а)
ақша мультипликаторын;
ə) ақша ұсынысын.
2. Депозиттерді резервтеудің нормасы 0,25-ке тең. Ал депозиттеу
коэффициенті 0,4-ке тең. Ақша мультипликаторының шамасын анық-
таңыз.
3. Банкте 10 млн. теңгеге депозит сақтаулы. Міндетті резервтер нор-
масы 25%-ды құрайды. Алдымен, 1 банктің,
содан соң барлық банктік
жүйенің ақша ұсынысын ұлғайта алу шамасын анықтаңыздар.
4. Айталық, фирма Алтын деген қызметкеріне ай сайын оның шо-
тына 200 мың теңге аударады. Банкке 1 рет барудың шығындары 60
теңгеге тең. Ал пайыздық қойылым 20%-ға тең.
Баумоль-Тобин үлгісін қолдана отырып мыналарды анықтаңыз:
а) банкке барудың оңтайлы санын;
ə) 1 айдағы қолма-қол ақшаның орташа шамасын.
5. Ақшаға трансакциондық сұраныстың шамасы 200 млрд. теңгені
құрайды. Пайыз мөлшерлемесінің 10, 9, 8
деңгейлері кезінде активтер
тарапынан ақшаға сұраныс (спекулятивтік сұраныс) көлемі сəйкесінше,
50, 70, 90 млрд. теңгеге тең. Ақша ұсынысы 290 млрд. теңгеге тең
11–533
162
болғандағы пайыздың тепе-теңдік мөлшерлемесінің қаншаға тең бола-
тындығын анықтаңыз. Жауабыңызды график арқылы түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: