170
Ақша-несие саясатының мақсаттары соңғы жəне аралық мақ-
саттар болып бөлінеді.
Соңғы мақсаттар:
1) экономикалық өсу;
2) толық жұмысбастылық;
3)
бағалардың тұрақтылығы;
4) тұрақты төлем балансы.
Соңғы мақсаттар ақша-несие саясатының фискалдық, ва-
люталық, сыртқы сауда саясаттарымен бірге жүзеге асыратын
мем лекеттің маңызды бағыттарына жатады.
Аралық мақсаттар:
1) ақша массасы;
2) пайыздық қойылым;
3) айырбас бағамы.
Ақша-несие саясатының мақсаттарына тікелей жəне
жанама
деп бөлінетін нақты құралдар арқылы қол жеткізіледі.
Ақша-несие саясатының тікелей құралдары:
1) несиелеу лимиттері;
2) пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу.
Ақша-несие саясатының жанама құралдары:
1) міндетті резервтер нормасын өзгерту;
2) есептік мөлшерлемені өзгерту;
3) ашық нарықтағы операциялар.
Міндетті резервтер нормасын өзгерту
– бұл ақша-несие
жүйесін реттеуде қолданылатын қатаң құрал ретінде саналатын
банктік резервтердің шамасына əсер ету əдісі.
Міндетті резервтер нормасын Ұлттық банк депозиттердің
шамасына қарай пайыздық түрде бекітеді.
Оның шамасы бі рін-
ші ден,
салымдардың түрлеріне
жəне екіншіден,
банктердің кө-
леміне
(шағын банктерге қарағанда ірі банктер үшін оның шама-
сы жоғары) байланысты болады.
Міндетті резервтер нормасын өзгерту екі негізгі нысанда
жүргізіледі: жоғарылату формасында жəне
төмендету форма-
сында.
Міндетті резервтер нормасын жоғарылатудың нəтижесінде
міндетті резервтердің шамасы артады, коммерциялық банктердің
171
несиелік белсенділігі қысқарады жəне соңында ақша ұсынысы
төмендейді.
Міндетті резервтер нормасын төмендетудің нəтижесінде ке-
рісінше,
несие беру құралдары кеңейеді, коммерциялық банк-
тердің несиелік белсенділігі артады жəне соңында ақша ұсынысы
ұлғаяды.
Достарыңызбен бөлісу: