Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет121/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Коммерциялық банктер 
– əртүрлі операцияларды орындау 
мен қызметтерді көрсету арқылы заңды жəне физикалық тұлға-
лар ға келісімшарттар негізінде несиелік-есеп-айырысушылық 
жəне басқа да банктік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын 
əмбебап тұрпаттағы несиелік мекемелер.
Коммерциялық банктердің негізгі қызметтері болып салым-
дарды (депозиттерді) тарту жəне несиелерді ұсыну саналады. 
Осы операциялар арқылы коммерциялық банктер ақша ұсыны-
сын кеңейтіп қосымша ақшалар жасай алады жəне олар бас қа 
қаржылық мекемелерден осындай қызметтерімен ерекшеле 
-


169
неді. Банктер сонымен қатар, бағалы қағаздарды сату жəне сатып 
алу мен де айналысады. 
Коммерциялық банктердің пайдасын 
маржа
деп атайды, ол 
несиелер бойынша тағайындалған пайыздар (бұл пайыздарды 
қарыз алушылар төлейді) мен депозиттер бойынша тағайын-
далған пайыздар (бұл пайыздарды банктер өз салымшыларына 
төлейді) арасындағы айырма болып табылады.
Арнайы мамандандырылған қаржы-несиелік мекемелер
– бұл экономиканың нақты салалары мен аяларын несиелеу мен 
айналысатын банктік емес ұйымдар.
Мұндай ұйымдар келесідей формаларда жұмыс істейді:
1) 
инвестициялық банктер
– бағалы қағаздарды шығару мен 
орналастыру бойынша операцияларды жүргізетін, капиталдарды 
тартатын, салаларды инвестициялауға өз капиталдарын пайдала-
натын ұйымдар;
2) 
жинақтаушы мекемелер
– халықтың жинақтарын жинай-
тын жəне тұрғын-үй құрылысына инвестиция салу үшін ақша ка-
питалын пайдаланатын ұйымдар;
3) 
сақтандыру компаниялары
– сақтандыру полистерін сату 
жолымен ақша қаражаттарын тартатын, өнеркəсіп, сауда жəне 
көлік салаларының ірі корпорацияларын қаржыландырумен ай-
налысатын ұйымдар;
4) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет