Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет129/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Қорытынды
1. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің қазіргі ақша-несие 
жүйесі келесі буындардан тұрады: 1) Орталық эмиссиялық банк; 
2) банктік сектор – коммерциялық, депозиттік, ипотекалық, ин-
вестициялық банктер жəне арнайы мамандандырылған банктік емес 
қаржы-несие мекемелері – сақтандыру компаниялары, зейнетақы кор-
лары; инвестициялық компаниялар жəне т.б.
12–533


178
2. Банк жүйесі экономикада уақытша бос ақша қаражаттарын шо-
ғырландыру; бос ақша қаражаттарын уақытша пайдалану үшін ұсыну; 
несиелік ақшаларды жасау; несиелік реттеу; ақша эмисиялау; бағалы 
қағаздарды шығару сияқты қызметтерді атқарады.
3. Ақша-несие саясаты ақша айналымы мен несие жүйесі сала-
сындағы мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асырумен байланысты 
бірқатар жалпы экономикалық міндеттерді орындауға бағытталған 
макроэкономикалық саясатты білдіреді. Ақша-несие саясатының 
мақсаттары 
соңғы
жəне 
аралық мақсаттар
болып бөлінеді.
Соңғы мақсаттар: 1) экономикалық өсу; 2) толық жұмысбастылық; 
3) бағалардың тұрақтылығы; 4) тұрақты төлем балансы.
Аралық мақсаттар: 1) ақша массасы; 2) пайыздық қойылым; 
3) айыр бас бағамы.
Ақша-несие саясатының мақсаттарына тікелей жəне жанама деп 
бөлінетін нақты құралдар арқылы қол жеткізіледі.
Ақша-несие саясатының тікелей құралдары:
1) несиелеу лимиттері; 2) пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу.
Ақша-несие саясатының жанама құралдары:
1) міндетті резервтер нормасын өзгерту; 2) есептік мөлшерлемені 
өзгерту; 3) ашық нарықтағы операциялар.
4. Ақша-несие саясатының негізгі екі типі ажыратылады: 
ынта-
ландырушы
жəне 
шектеуші
. Ынталандырушы ақша-несие саясаты 
(несиелік экспансия) – бұл ақша ұсынысын арттыру жəне ақшаның 
бағасын (пайыз мөлшерлемесін) төмендету жолымен елдегі эконо-
микалық белсенділікті көтеру мақсатында жүргізілетін саясат. Шек-
теуші ақша-несие саясаты (несиелік рестрикция) – экономиканың 
инфляциялық өсуін тежеуге, ақша ұсынысының көлемін қысқартуға 
жəне ақшаның бағасын өсіруге бағытталған саясат.
5. Монетаризм бағытын жақтаушылар «ақша ережесі» бойынша 
ақша-несие саясатының жүргізілуін қалайды. Бұл саясаттың мақсаты – 
ақша ұсынысын қалыпты тұрақты деңгейінде ұстап тұру немесе ақша 
массасы өзгеруінің төменгі жəне жоғарғы шегін белгілеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет