Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет137/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

IS-LM үлгісі
(инвестиция-жинақтау, өтімділік-ақша) – эко-
номиканың нақты жəне ақша секторларының өзара байланы-
сын, игіліктер нарығы мен қаржылық активтер нарығының 
эко 
номикалық тепе-теңдігін сипаттайды. Бұл үлгі тауар жəне 
ақша нарықтарында бір мезгілде тепе-теңдіктің орнауы үшін 
қажетті табыс көлемі (Y) мен нарықтық пайыз мөлшерлемесі (R) 
арасындағы үйлесімділікті табуға мүмкіндік береді. Сондықтан 
да IS-LM үлгісі AD-AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табы-
лады.
Үлгінің ішкі айнымалылары – Y (табыс), С (тұтыну), І (инве-
стиция), n (таза экспорт), R (пайыз мөлшерлемесі).
Үлгінің сыртқы айнымалылары – G (мемлекеттік шығындар), 
М
S
(ақша ұсынысы), t (салық мөлшерлемесі).
Қысқа мерзімді кезеңде бағаның атаулы жəне нақты шамала-
ры сəйкес келеді, жиынтық табыс (Y) пен пайыз мөлшерлемесі 
(R) айнымалы болып табылады.
Ұзақ мерзімді кезеңде баға деңгейі өзгермелі, М
S
(ақша 
ұсынысы) өзгермелі шама, ал үлгідегі басқа да айнымалылар 
нақты шама болып табылады.
IS-LM үлгісі: 
1. игіліктер мен ақша нарықтарының өзара байланысын 
жəне өзара тəуелділігін көрсетуге
2. осы нарықтардың жекелеген тепе-теңдіктерін қалып 
тас- 
ты руға жəне біріктірілген тепе-теңдігін де қалыптастыруға əсер 
ете тін факторларды анықтауға
3. осы нарықтарда орын алатын тепе-теңдіктің өзгеруінің эко-
номикаға əсерін қарастыруға; 
4. фискалдық жəне монетарлық саясаттардың тиімділігін тал-
дап көрсетуге; 
5. жиынтық сұраныстың функциясын салуға жəне оған əсер 
ететін факторларды анықтауға; 


188
6. экономикалық циклдің əртүрлі фазаларына сəйкес тұрақ-
тандыру саясатының жолдарын талдап көрсетуге мүмкіндік 
береді.
Сонымен, IS-LM үлгісі кейнстік тұрпаттағы үлгі болып табы-
лады, экономиканы қысқа мерзімді кезеңде қарастырады жəне 
жиынтық сұраныстың қазіргі теориясының негізгі қызметін 
атқарады.
IS қисығы
(инвестициялар-жинақтар) игіліктер нарығының 
тепе-теңдігін сипаттайды жəне сол игіліктер нарығында туын-
дайтын нарықтық пайыз мөлшерлемесінің R жəне табыс деңгейі 
Y арасындағы өзара қатынасты бейнелейді. 
IS қисығын құру үшін: 
1. жиынтық шығындар үлгісі;
2. автономдық жоспарланған шығындардың пайыз мөлшер-
ле месіне деген тəуелділік функциясы негіз болады.
IS қисығын инвестиция мен жинақтау функциялары арқылы 
құруға болады. IS қисығының бойындағы кез келген нүкте жи-
нақтау мен инвестицияның тепе-теңдігін көрсетеді.
8.1-суретінде жинақтау функциясы бейнеленген, табыстың 
(өндіріс көлемінің) Y
1
-ден Y
2
-ге көбеюіне байланысты жинақтар 
S
1
-ден S
2
-ге өседі. 
8.2-суретінде инвестиция функциясы бейнеленген, жинақтау 
функциясының өсуі пайыз мөлшерлемесін R
1
-ден R
2
-ге азай-
тады, ал инвестиция I
1
-ден I
2
-ге өседі. Бұл жағдайда I
1
=S

I
2
=S
2
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет