190
қолма-қол ақшалардың абсолюттік өтімділігінің белгілерімен
шартталған) пен ақша ұсынысының теңдігі болып табылады.
LM қисығының графигі ақша ұсынысының (M
S
) белгілі бір
мөлшерінде ақша нарығындағы тепе-теңдікке сəйкес келетін па-
йыз мөлшерлемесі мен жиынтық сұраныстың (ұлттық табыстың)
арасындағы байланысты көрсетеді.
LM қисығының бойындағы кез-келген нүктеде ақшаға сұ-
раныс пен ақша ұсынысы тең болады.
8.7-суретте ақша нарығының нақты қоры бейнеленген. Ұлттық
табыстың Y
1
-ден Y
2
-ге дейін өсуі ақшаға деген сұранысты артты-
рады. Мұндай жағдайда пайыз мөлшерлемесі R
1
-ден R
2
-ге өседі.
Ақшаға деген сұраныс қисығы оңға жылжиды.
8.8-суретте LM қисығы көрсетілген. Ұлттық табыс неғұрлым
өскен сайын пайыз мөлшерлемесі де соғұрлым жоғары болады.
IS (игіліктер рыногының тепе-теңдігі) жəне LM (ақша ры-
ногының тепе-теңдігі) қисықтарының қиылысуы осы екі рынок-
тарда бір уақытта тепе-теңдіктің орын алуын қамтамасыз ететін
пайыз мөлшерлемесінің R (пайыздың тепе-теңдік мөлшер лемесі)
жəне табыс деңгейінің Y (табыстың тепе-теңдік деңгейі) ортақ
мəндерін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: