194 се тұрақты өнім көлемінде пайыз мөлшерлемесін төмендетуге
алып келеді.
Қорытынды 1. IS-LM үлгісі (инвестиция-жинақтау, өтімділік-ақша) – эконо-
миканың нақты жəне ақша секторларының өзара байланысын, игіліктер
нарығы мен қаржылық активтер нарығының экономикалық тепе-
теңдігін сипаттайды. Бұл үлгі тауар жəне ақша нарықтарында бір
мезгілде тепе-теңдіктің орнауы үшін қажетті табыс көлемі (Y) мен
нарықтық пайыз мөлшерлемесі (R) арасындағы үйлесімділікті табуға
мүмкіндік береді.
2. IS қисығы – игіліктер нарығындағы тепе-теңдікті көрсететін үлгі.
Ол теріс көлбеулі болып табылады, өйткені пайыздық қойылымның
төмендеуі инвестиция көлемін арттырады.
3. IS қисығының жатыңқы болу себептері мыналарға байланысты:
•
инвестиция мен таза экспорттың пайыздық қойылымға деген се-
зімталдылығының аса жоғары болуы;
•
тұтынуға деген шекті бейімділіктің жоғары болуы;
•
салық салудың шекті мөлшерлемесінің төмен болуы;
•
импорттауға деген шекті бейімділіктің төмен болуы.
4. LM қисығы – ақша нарығындағы тепе-теңдікті көрсететін үлгі.
LM қисығының жатыңқы болу себептері:
•
ақшаға деген сұраныстың пайыздық қойылымның қарқы нына де-
ген сезімталдылығының жоғары болуы;
•
ақшаға деген сұраныстың ЖІӨ қарқынына деген сезім
талды-
лығының төмен болуы.
5. IS жəне LM қисықтары белгілі бір факторлардың өзгеруі салда-
рынан оңға немесе солға жылжиды.
6. IS-LM үлгісі AD-AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады.
7. IS-LM үлгісі ақша-несие жəне бюджет-салық саясаттарының
қысқа мерзімдегі өзгерістерінің ұлттық табысқа əсер етуін талдау үшін
қолданылады.
8. Ынталандырушы бюджет-салық саясатының нəтижесінде бір
жағынан, жұмысбастылық пен өнім көлемі өседі, ал екінші жағынан,
ығыстыру əсерінің салдарынан өнім көлемі азаяды.
9. Бюджет-салық жəне ақша-несие саясаттарын бірге қолдану пайыз
мөлшерлемесін өзгертпей, өнім көлемін көбейтуге немесе тұрақты өнім
көлемінде пайыз мөлшерлемесін төмендетуге алып келеді.
10. Игіліктер нарығы мен ақша нарығының тепе-теңдік дең гейіне
сəйкес келетін жиынтық сұраныс көлемі тиімді сұраныс деп аталады.