181
Мақсаты:
макроэкономиканың негізгі мəселелерін шешудегі жəне
реттеудегі мемлекеттің ақша-несие саясатының мəн-мағынасын түсініп,
олардың негізгі бағыттары мен тиімділіктерін жан-жақты ортаға са-
лып талқылау,
сонымен қатар, Қазақстандағы жəне шет елдердердегі
осы макроэкономикалық саясаттардың жүргізілу механизмдеріне де
тоқталып өту.
1. Экономикадағы банктер жəне олардың рөлі.
2. Банк жүйесі: Ұлттық банк жəне коммерциялық банктер.
3. Ұлттық банктің ақша-несие саясаты,
мақсаттары, құралдары,
мəселелері.
Мақсаты:
осы тақырыптағы негізгі сұрақтарды ұсынылып отырған
əдебиет көздерінен оқу жəне салыстыру, сонымен
қатар тақырыпты
төмендегі жəне басқа да тапсырмаларды орындау арқылы бекіту.
1. Тақырып бойынша э к о н о м и к а л ы қ с ө з д і к (глоссарий)
жасау.
2. Тақырып бойынша л о г и к а л ы қ с х е м а л а р құрастыру.
3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:
- ҚР банк жүйесі жəне оның ерекшеліктері;
- ҚР несие жүйесі жəне несиелік қатынастардың даму ерекшеліктері;
- ҚР монетарлық саясаты жəне оның ерекшеліктері;
- Қазақстандағы
жинақтаушы зейнетақы қорлары;
- Қазақстан экономикасын исламдық қаржыландыру жүйесінің
ерек шеліктері.
4. Өзіндік жазба жұмыстар (конспект):
- Несие, оның формалары, қызметтері, принциптері;
- Ақша-несие саясатының беріліс (трансмиссиялық)
механизмі;
- Ақша-несие саясатының нəтижелілігі туралы кейнстік жəне мо-
н етаристік көзқарастар.
5. Жаттығулар, есептер жəне т.б. тапсырмалар:
1.
Коммерциялық банктің жиынтық резервтері 220 млн. теңгені
құрайды. Депозиттер 950 млн. теңгеге тең. Осы депозиттерді міндетті
резервтеудің нормасы 20%-ға тең. Егер банк қарыз беру үшін
өзінің
барлық артық резервтерін қолданса, онда ақша ұсынысы қалай өзгереді?
2. Міндетті резервтер нормасы 20%-ға тең. Коммерциялық банк де-
позиттер сомасының 5%-н артық резервтер ретінде сақтайды. Ал де-
182
позиттер сомасы 10 000 мың теңгеге тең.
Мұндай жағдайда банк несие
беру үшін максималды түрде қанша соманы қолдана алады?
3. Ұлттық банк коммерциялық банктен 100 млн. теңгеге мемлекет-
тік облигацияларын сатып алды дейік. Егер коммерциялық банк 10%-дық
міндетті резервтер нормасы жағдайында өзінің несиелік мүмкіндікте-
рін толығымен пайдалана алса, онда ақшалай ұсыныс қандай шамаға
өзгереді?
Достарыңызбен бөлісу: