Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет147/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Экономикалық қызметі
еңбекке қабілет-
ті халықтың ұдайы өндірісінің тиімді үрдістерін қамтамасыз 
етуден көрінеді, ал 
əлеуметтік қызметі
жұмыскерлердің жəне 
олардың отбасыларының өмір сүру сапасының жоғары деңгейін 
қамтамасыз етумен сипатталады.


203
Жұмыс күші
– бұл адамның еңбекке деген қабілеттілігі; 
адамдардың игіліктерді өндіру үрдісіндегі физикалық жəне ой 
қабілеттіліктерінің жиынтығы; елдегі жұмыскерлердің жалпы 
саны; жұмыспен қамтылған мен жұмыспен қамтылмаған (жұ-
мыссыздар) халықтың бір бөлігі. 
Жұмыссыздық
– бұл еңбек ұсынысының еңбекке деген 
сұраныстан артып кетуі; еңбекке жарамды халықтың жұмыс 
таба алмауы немесе жұмыспен қамтылмауы. Еңбек нарығында 
тепе-теңдік орын алғанда экономикада толық жұмысбастылық 
қалыптасады. Бірақ ақпараттың жетілмегендігінен еңбекке қа-
білетті халықтың белгілі бір бөлігі жұмыс таппай қалады.
Макроэкономикада 16 жастан бастап жəне одан жоғары 
жастағы халықты мынадай екі топқа бөліп қарастырады: 
1) экономикалық белсенді халық
(бұл топқа жұмыс күші жа-
тады, ол өз кезегінде жұмыспен қамтылғандар жəне жұмыссыздар 
болып бөлінеді); 
2) экономикалық белсенді емес халық
(бұлар жұмыс күші 
құрамына кірмейтін оқушылар, зейнеткерлер жəне т.б.).
Жұмыссыздықтың негізгі көрсеткіші – 
жұмыссыздық 
деңгейі
, ол жұмыссыздар санының жұмыс күшінің жалпы саны-
на (жұмыс істейтіндер мен жұмыс істемейтіндер санының сома-
сына) қатынасы арқылы анықталады жəне пайыздық көрсеткішке 
ие болады:
100%
L
U
u

=
немесе,
100%
U
E
U
u

+
=
мұндағы, u – жұмыссыздық деңгейі, U - жұмыссыздар саны, 
L – жұмыс күші, E – жұмыспен қамтылғандар саны.
Төмендегі кестеден Қазақстандағы еңбек нарығы көрсет-
кіштерінің динамикасын көруге болады (9.1-сурет).
Кестеден көріп отырғанымыздай, осы жылдар аралығында 
еңбек нарығы көрсеткіштерінде оң өзгерістер байқалып отыр. 
Жалпы халық санындағы экономикалық белсенді халықтың үлесі, 
яғни жұмыс күшінің саны жылдан жылға артып келеді. Жұмыс 
күші жұмыспен қамтылғандар санының өсуімен бірге жүріп отыр 
жəне керісінше, оның құрамындағы жұмыссыздар санының, со-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет