Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Өзіндік жазба жұмыстар (конспект)



Pdf көрінісі
бет180/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

4. Өзіндік жазба жұмыстар (конспект):
- «70 ережесі шамасы» теориясы;
- Инфляциялық салық. Оливер-Танзи əсері;
- Оукен заңы жəне Филлипс қисығының формуласы.
5. Жаттығулар, есептер, т.б. тапсырмалар:
1. Егер бағалар: 
а) 2 есе өсе;
ə) 5 %-ға өссе;
б) 30 %-ға өссе, онда ақшаның сатып алу қабілеті қалай өзгереді?
Егер ақшаның сатып алу қабілеті 40 %-ға төмендесе, онда бағалар 
қанша пайызға өсті?
2. Белгілі бір елде инфляция қарқыны 4 пайызға тең. Бұл елдегі 
бағалардың өсуі қанша жылдың ішінде екі еселенеді?
А) 17 жылда
В) 17,5 жылда 
С) 66 жылда
D) 74 жылда
Е) 11 жылда
3. Номиналды пайыз мөлшерлемесі R жəне инфляция қарқыны 
π берілген. Фишердің дəлдік жəне жуықтық формуласы бойынша 
нақты пайыз мөлшерлемесін r табу керек:
а) R = 5 %, π = 2%.
ə) R = 50 %, π = 20%. 
б) R = 500 %, π = 200%. 
Фишердің дəлдік формуласы: r = R – π / 1 + π;
Фишердің жуықтық формуласы: r ≈ R – π.
4. Егер:
а) номиналды табыс 10%-ға өссе, ал баға деңгейі 7%-ға өссе;
ə) номиналды табыс 30 мың теңгеге тең болса, ал осы жылы бағалар 
индексі 106%-ға тең болса, онда нақты табыс мөлшері қалай өзгереді?


247
5. Экономикада Х жəне У тауарлары өндіріледі. Тұтынушылар өз 
табыстарының жартысын Х тауарын сатып алуға, ал қалған жартысын 
У тауарын сатып алуға жұмсайды.
Бір жылдың ішінде Х тауарының бағасы 5%-ға, ал У тауарының 
бағасы 15%-ға өсті. Тұтыну тауарлары бағаларының индексін есептеңіз 
(өткен жылғы бағалар индексі 100-ге тең).
6. Дұрыс/дұрыс емес:
- Əлеуетті жəне нақты ЖҰӨ көлемдері тең болған жағдайда, 
жиынтық шығындардың өсуі инфляцияға алып келеді, бұл жерде 
өндірістің əрі қарай мүмкін болмайды.
- Егер бағалар мен жалақы абсолютті түрде қатаң болмаса, онда эко-
номикада рецессияның орын алмауы мүмкін.
- Инфляция – бұл өндірістің жалпы өсуі.
- Күтілетін жəне күтілмейтін инфляция табыстардың қайта бөлінуіне 
бірдей əсер етеді.
- Жыл сайынғы бағалардың 5%-дық төмендеуі кезінде тұрақты та-
быс алатын жанұялардың нақты табысы жылына 5%-ға өседі.
- Жыл сайынғы бағалардың 10%-дық өсуі кезінде, олардың деңгейі 
əрбір он жылда екі еселеніп отырады.
- Жер, өнер туындылары, акциялар, облигациялар, тұрғын үйлер - 
инфляция уақытында қаржы активтерінің құнсыздану қаупін төмендету 
қажеттілігіне мүмкіндік беретін инвестициялаудың дəстүрлі объектілері.
- Инфляция барлық тұрғындардың нақты табыстарының төмендеуіне 
алып келеді.
7. Кестеде жылдар бойынша бағалар индексі берілген:
Жыл
Бағалар индексі
Инфляция деңгейі 
(пайызбен)
1
100,00
2
112,00
3
123,00
4
129,00
а) Əрбір жылға инфляция деңгейін (қарқынын) есептеңіз.
ə) «70 шамасы ережесін» қолдана отырып, бағалар деңгейінің екі 
еселенуіне қажетті жылдар санын анықтаңыз (ол үшін 
а
пунктіндегі 
əрбір жылға есептелген инфляция деңгейін қолданыңыз).
б) Егер екінші жылы номиналды табыс бірінші жылмен салыс-
тырғанда 15 пайызға өссе, жəне үшінші жылы екінші жылмен са-


248
лыстырғанда 7 пайызға өссе, онда нақты табыстың пайыздық өзгерісін 
анықтаңыз.
в) Егер номиналды табыс екінші жəне үшінші жылдары 25 мың 
теңгеге тең болса, онда осы жылдары нақты табыстың абсолютті мөл-
шері қаншаға тең болады?
г) Егер несиеге деген пайыздың деңгейі екінші жылы 14%-ға тең 
болса жəне үшінші жылы 18%-ға тең болса, онда сол жылдары оның 
нақты деңгейі қаншаға тең болады?
8. Мына анықтамалардың терминдері қалай аталады?
- Бағалардың жалпы деңгейінің төмендеуі.
- Ақшадан «қашу» құбылысын туындататын бағалардың өте жыл-
дам қарқынмен өсуі.
- Өндіріс шығындарының өсуімен байланысты бағалардың өсуі.
- Инфляция бойынша түзетілген ақшалай нысандағы пайыз мөл-
шерлемесі.
- Бағалардың жалпы деңгейінің өсуі.
- Номиналды табыс сомасында сатып алынатын тауарлар мен 
қызметтердің саны.
- Бағалар деңгейінің екі еселеуі кезеңінің ұзақтылығын есептейтін 
принцип.
- Бағалардың өсуінің нақты табысқа жағымсыз əсер етуін табыс 
алушылардың немесе мемлекет тарапынан алдын ала қабылданатын 
шаралардың жоқтығынан жоя алмау мүмкіндігі.
- Нақты ЖҰӨ-нің өзгеріссіз көлемі кезіндегі артық сұраныстың 
пайда болуынан туындайтын бағалардың өсуі.
- Өндірістің құлдырауымен жəне жұмысыздықтың жоғарғы дең-
гейімен қатар орын алатын инфляция.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет