242
3. Инфляцияның əлеуметтік-экономикалық зардаптары халықтың,
кəсіпорындардың жəне мемлекеттің ақшалай табыстарының нақты
төмендеуіне
алып келеді; байлық пен табыстың қайта бөлінуіне алып
келеді; нарықта сұранысқа ие тауарлы-материалдық қорларға де-
ген бағалар өседі; ұзақ мерзімдік инвестициялаудың мүмкіндіктерін
төмендетеді; фирмалардың амортизациялық
қорларын құнсызанды-
рады, сөйтіп ұдайы өндірістің қалыпты жұмыс істеуі бұзылады жəне
үдерісі қиындайды; инфляция жинақ түрлерінің (салымдардың, об-
лигациялар мен сақтандырулардың, т.б.) нақты құнын төмендетеді;
тұрғындар мен кəсіпорындардың ақша қаражаттарын
салықтар арқылы
жасырын тəркілеуге алып келеді. Бұл салық төлеушілердің атаулы
табыстарының өсуінен салық салудың аса жоғары тобына автоматты
түрде өтуінен орын алады.
4. Жұмыссыздық пен атаулы жалақының қарқыны (кейіннен, ин-
фляция қарқыны) арасындағы өзара байланыстың графикалық кескіні
Филлипс қисығы деп аталады.
5. Филлипс қисығын ұзақ мерзімде
қарастырғанда инфляция
лық
күтімдер теориясы қолданылады. Күтімдердің екі түрі кеңінен қол-
данылады:
бейімделушілік күтімдер
– инфляцияның нақты деңгейі
негізінде сол инфляцияны экономикалық агенттердің болжай алу мүм -
кіндіктері. Олар инфляцияның нақты деңгейімен сəйкес келмейді жəне
кезеңділікпен қайта қаралып субъектілер өз қателерін түзетіп оты-
рады.
Оңтайлы күтімдер
– экономикалық субъектілердің өздерінің
инфляциялық болжамдарында қолдарындағы
бар ақпаратты неғұрлым
ұтымды пайдалана алу мүмкіндіктері жəне олар өз есептеулерінде
қателеспейді деген болжамдар.
6. Инфляцияға қарсы саясат
–
инфляцияны төмендетуге бағытталған
мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. ХХ ғасырдың 60-жыл-
дарынан бастап бағаны тікелей жəне жанама түрде
реттеу мақсатымен
барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.
Достарыңызбен бөлісу: