241
тартуға мəжбүр етеді. Стагфляциямен күресудің неоклассика-
лық бағытының балама жолдары бар. Оның мəні: инфляцияны
төмендетуде қандайда болмасын құралдарды қолданбау үшін,
экономикадағы осы жəне басқа процестерді қолдан шығарып ал-
мауды көздеу керек.
Филлипстің қисық сызығына тежеуші монетарлық жəне
фискалдық саясаттарды қолданып, қалай да бұрынғы қалына
қайтып келудің қажетіне тырысу керек емес, жиынтық ұсы-
ныстың қисық сызығына тікелей ықпал ету қажет. Осы үшін қар-
жылық жəне ақша саясатын аз ғана өзгертіп, қатаң стандарттар-
мен мақсатты қаржыландыру мен несиелендіруді, салаларды
селективтік (іріктеп) қолдауды, протекционнистік шараларды,
та быстар саясатының элементтерін қолдануды пайдалануға бола-
ды. Соңғы нұсқаны қолданудың тиімділігі жоғары жəне бұның
əлеуметтік шығындары төмен.
Үкімет үшін инфляцияға қарсы саясат жүргізудің екі бағыты
болады: оны бірте-бірте ұзақ мерзімді көздеп жүргізу немесе оны
шұғыл жүргізу (естен тандыру терапиясы). Барлық жағдай елдің
көлеміне, оның экономикасының болмысына, əлемдік нарыққа
кірудің дəрежесіне жəне шарттарына, өзгерістерді халықаралық
қаржы мекемелерінің қолдауына, ел ішіндегі əлеуметтік жəне са-
яси жағдайларға жəне т.б. байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: