236
бұл күрделі құбылыс жоғарыда аталып өткендей, стагфляция де-
ген атқа ие болып, 1973-1975 жылдары орын алған экономика-
лық дағдарыспен байланысты еді, сонымен қатар, 80-жылдары
жұмыссыздық пен инфляцияның бір уақытта төмендегендігі де
байқалған. Сол себепті Филлипстің теориясына жəне оның ая-
сында жүргізілген экономикалық саясатқа сенімсіздік туында-
ды. Осыған байланысты осы теорияны ары қарай жетілдірудің
қажеттілігі пайда болды.
Филлипс қисық сызығы теориясының аясындағы жаңа
көзқарастар М. Фридмен мен Э. Фелпстің
жұмыссыздық табиғи
деңгейі
теориясы арқылы көрініс тапты. Осы теорияға сəйкес
екі ғалымның ойынша Филлипс қисығы қысқа жəне ұзақ мер-
зім аралықтарында қарастырылған жөн. Ұзақ мерзімде Фил-
липс қисығы
тік сызық
түрінде болады. Егер жұмыссыздықтың
нақты деңгейі табиғи деңгейіне тең болса, онда инфляцияның
нақты деңгейі инфляцияның күтілген деңгейіне сəйкес келеді
(10.5-сурет).
10.5-сурет.
Қысқа жəне ұзақ мерзімдегі Филлипс қисығы
Филлипс қисығын ұзақ мерзімде қарастырғанда инфляция-
лық күтімдер теориясы қолданылады. Күтімдердің екі түрі
кеңінен қолданылады:
Достарыңызбен бөлісу: