Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет170/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

231
«Шығындар»
немесе 
«ұсыныс» инфляциясы
– бұл өндіріс 
шығындарының жəне ресурстар бағаларының күрт өсуіне бай-
ланысты орын алатын дайын өнімге деген бағаның өсуі мен 
өндіріс көлемінің қысқаруын білдіретін сатушылар тарапынан 
болатын инфляцияның түрі. Инфляцияның бұл түрінің тəжірибе 
жүзінде пайда болуының себебі кейнстік бағыттың инфляция 
тек толық жұмысбастылық жағдайында ғана орын алады деген 
қағидасының дұрыс болмағанымен тығыз байланысты болып та-
былады. Əлемнің көптеген елдерінде инфляцияның көріністері 
жұмыссыздықпен жəне өндірістің құлдырауымен ұштастырылды.
«Ұсыныс» инфляциясының негізгі факторлары (монетарлық 
емес):
• 
еңбек өнімділігінің өсуіне қарағанда жалақының артуы;
• 
ұсыныстың сілкіністері – жиынтық сұраныстың өзгеруіне 
қатысы жоқ сыртқы жағдайлар (шикізатқа, энергия көздеріне, 
отынға, арендалық төлемдерге бағалардың күрт өсуі). Дəлірек 
айтсақ, осындай инфляция түрі, мысалы, ХХ ғасырдың 70-жыл-
дары орын алған мұнай дүрбелеңінен болған энергетика лық дағ-
дарыстан пайда болды. Сол уақытта, мұнайдың əлемдік бағалары 
барреліне 1,8 $-дан 32 $-ға дейін күрт артқан;
• 
олигополиялық фирмалар мен кəсіподақтардың «бағалық 
үстемені» («ценовая накидка») қолдануы, яғни кəсіподақтар 
жалақыны əрдайым көтермелеуге үмітті жəне фирмалар өз 
10.1-сурет.
Сұраныс инфляциясы


232
өнім дерінің бағасына күні бұрын үстеме құн ретіндегі үлесін 
қосады.
Ұсыныс инфляциясы кезінде жиынтық ұсыныс қисығы қысқа 
мерзімде солға жылжиды (10.2-сурет). Мұндай жылжу кезінде ин-
фляцияны жылдамдататын жалақының өсуі орын алады. Бағалар 
мен өндіріс көлемі қарама-қарсы бағытта өзгереді: бағалар P
0
-
ден P
1
-ге өседі, ал өндіріс көлемі Y
0
-ден Y
1
-ге дейін қысқара-
ды. Ұсыныс инфляциясы сұраныс инфляциясына қарағанда аса 
қауіпті жəне ол стагфляция құбылысын туындатады, яғни, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет