Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


) бейімделушілік күтімдер теориясы; 2) оңтайлы күтімдер



Pdf көрінісі
бет174/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

1) бейімделушілік күтімдер теориясы; 2) оңтайлы күтімдер 
теориясы.
Екі теория да толық жұмысбастылық жағдайында (немесе 
жұмыссыздықтың табиғи деңгейінде) экономикалық агенттердің 


237
инфляциялық күтімдерінің мемлекеттің экономикалық саяса ты-
ның жүргізілуі кезінде орындалатындығын сипаттауға тыры сады. 
Бейімделушілік күтімдер
(адаптационные ожидания) – бұл 
инфляцияның нақты деңгейі негізінде сол инфляцияны эконо-
микалық агенттердің болжай алу мүмкіндіктері. Олар ин 
фля-
цияның нақты деңгейімен сəйкес келмейді жəне кезеңді лікпен 
қайта қаралып субъектілер өз қателерін түзетіп отырады.
Оңтайлы күтімдер
(рациональные ожидания) – бұл эко-
номикалық субъектілердің өздерінің инфляциялық болжамда-
рында қолдарындағы бар ақпаратты неғұрлым ұтымды пайдала-
на алу мүмкіндіктері жəне олар өз есептеулерінде қателеспейді 
деген болжамдар. 
10.6-сурет.
Бейімделушілік күтімдер теориясындағы Филлипс қисығы
10.6-суретке сəйкес, инфляцияның нақты қарқыны əрбір келесі 
кезеңде оның күтілетін деңгейінен асып кетіп отыратындығын 
байқаймыз. Əзірге экономикалық субъектілердің төмендетіл ген 
инфляциялық болжамдары сақталып тұрғанда мемлекеттің ын-
таландырушылық экономикалық саясаты қысқа мерзімде жұ-
мыссыздықты төмендетіп, өндірістің нақты көлемін арттыруға 
ықпал жасайды. Енді уақыт өте келе экономикалық субъектілер 
бағалар мен жалақының өсуін таза инфляциялық құбылыс екенін 
кешігіп барып сезінеді. Олар өздерінің инфляциялық болжамда-
рына түзету енгізіп, оның жоғары жаңа деңгейін күтуге бейімделе 
бастайды. Уақытша төмендеген жұмыссыздық бұрынғы қалпына 


238
қайтып келеді. Егер мемлекеттің саясаты əрі қарай жүргізілсе, 
онда барлық үрдіс инфляцияның аса жоғары деңгейлерімен со-
лай жалғаса береді. Ұзақ мерзімде экономика А
1
нүктесінен A
2
нүктесіне, содан соң А
3
нүктесіне жəне солай жоғарыға жылжи 
береді, яғни Филлипс қисығы тік сызыққа айналады.
Оңтайлы күтімдер теориясына байланысты, экономикалық 
субъектілердің инфляциялық күтімдері болашақта үнемі оның 
нақты деңгейімен сəйкес келіп отырады (10.7-сурет). Егер мем-
лекет ынталандырушы саясатты жүргізуге ынталы болса, онда 
кəсіпкерлер елдің ішінде бағаның жалпы деңгейінің өскен-
дігіне қолындағы бар ақпаратты сəтті пайдалана отырып көз 
жеткізеді. Мемлекеттің жиынтық сұранысты ынталандыруы 
жиын тық ұсынысты қысқа мерзімнің өзінде де арттыра алмай-
ды. Экономикалық жүйе мұндай жағдайда бірден А
1
нүктесінен 
А
2
нүктесіне ауысады жəне т.с.с. Мемлекеттің жұмыссыздықты 
төмендетуге бағытталған шаралары тек бағалардың өсуін ғана 
туғызып, ешқандай нəтиже алып келмейді.
10.7-сурет.
Оңтайлы күтімдер теориясындағы Филлипс қисығы
Бейімделушілік жəне оңтайлы күтімдер теориясы шеңберінде 
Филлипстің ұзақ мерзімдегі қисығын зерттеу үкіметтің толық 
жұмысбастылық жағдайында жиынтық сұранысты ынталандыру 
жолымен өндірісті кеңейтуге бағытталған шаралары инфляциялық 
үдерістердің күшеюіне алып келетіндігін көрсетеді. Инфляцияны 
басқару үшін іс-шаралардың ауқымды кешені қолданылуы тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет