Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Шығындар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде барлық экономи- калық агенттердің шығындары қосылады.  ЖҰӨ = C + I + G + Xn



Pdf көрінісі
бет21/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

31
Шығындар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде барлық экономи-
калық агенттердің шығындары қосылады. 
ЖҰӨ = C + I + G + Xn
мұндағы, С – үй шаруашылықтарының тұтыну тауарларына жұм-
сайтын шығындары (тамақ, киім-кешек, тұрғын үй төлемдері, 
демалыс шығындары, ұзақ пайдаланылатын тауарларды сатып 
алуға кететін шығындар жəне т.б.). Мұнда үй салуға немесе сатып 
алуға жұмсалатын шығындар есептелмейді. Олар инвестициялық 
шығындарға кіреді.
I – фирмалардың инвестициялық шығындары (машиналар, 
станоктар, шикізат, құрылысқа кететін шығындар жəне т.б.). Ин-
вестицияны жалпы жəне таза деп бөледі. Егер жалпы инвести-
циядан өндіріс үдерісінде ескірген машиналар мен станоктарды 
жаңартуға жұмсалған шығындар бөлігін (амортизация) шегерсек, 
онда таза инвестицияны табамыз. 
Таза инвестиция = Жалпы инвестиция – Амортизация
G – мемлекеттік шығындар, яғни тауарлар мен қызметтерді 
мемлекеттің сатып алуы (мектеп, аурухана, жол құрылысы, мем-
лекеттік аппарат пен əскерді ұстауға кететін шығындар, т.б.). 
Мұнда трансферттік төлемдер кірмейді.
Xn – бұл таза экспорт деп аталады, яғни сыртқы сауда бай-
ланысының сальдосы, немесе экспорт пен импорт арасындағы 
айырмашылық. Егер экспорт импорттан жоғары болса, онда таза 
экспорт оң болады, керісінше болса, онда таза экспорт теріс мəнді 
болады.
Табыстар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде барлық экономика-
лық агенттердің табыстары қосылады. 
ЖҰӨ = W (C+S) + R + r + T + A
мұндағы, W – бұл тұтынуға (С) жəне жинақтауға (S) кететін 
халықтың жалақы түріндегі табыстары.
R – рента жəне арендалық төлемақылар түріндегі табыстар.
r – жинақтаудан түсетін пайыз.
T – кəсіпкерлік қызметке салынатын салық, олар фирмалар-
дан алынып мемлекетке түседі.
A – амортизация, фирма табысынан алынып пайдаланылған 


32
өндіріс құрал-жабдықтарын алуға жұмсалады да, қайтадан қай-
тарылады.
Ұлттық есепшоттар жүйесіндегі барлық негізгі макроэко-
номикалық көрсеткіштер экономикалық əрекеттердің бір жыл 
ішіндегі жəне сол жылдың бағаларымен (ағымдық бағалар мен) 
есепке алынған нəтижелерін сипатайды, сондықтан бұл көр-
сеткіштер атаулы мəнге ие болады. 
ЖҰӨ көрсеткішіне баға үлкен əсер етеді. Сондықтан ЖҰӨ-ді 
номиналды (атаулы) жəне нақты деп бөлеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет