Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет29/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

44
10.
 
ЖІӨ - 4000, тұтыну – 2500, инвестициялар – 400, мемлекеттік 
шығындар – 1200, экспорт – 200. Табу керек: а) Импорт көлемі қаншаға 
тең? ə) Жеке жинақтардың көлемі қаншаға тең?
11. ЖІӨ - 5000, жеке қолда бар табыстар – 4100, мемлекеттік бюд-
жет тапшылығы – 200, тұтыну – 3800, инвестициялар – 200. Табу керек: 
а) Таза экспорт көлемі қаншаға тең? ə) Жеке жинақтар көлемі қаншаға 
тең?
12. Мына берілгендер бойынша а) ЖҰӨ-ді (шығындар бойынша 
жəне табыстар бойынша), б) ТҰӨ-ді, в) ҰТ-ты есептеңіздер.
Берілгендер (млрд. тг.):
- несиеге деген пайыз – 12,
- жалпы жеке инвестициялар – 55,
- жалақы – 218,
- корпорацияның пайдасы – 113,
- жанама салықтар, салықтық емес төлемдер – 22, 
- ренталық төлемдер – 20,
- корпорацияның пайдасына деген салықтар – 50,
- таза экспорт – 9,
- мемлекеттік сатып алымдар – 90,
- таза жеке инвестициялар – 45,
- меншіктен түсетін табыстар – 21,
- мемлекеттік кəсіпорындарға субсидиялар беру – 2,
- тұрғындарға берілетін трансферттік төлемдер – 23,
- тұтыну шығындары – 260.
13.
 
Ұлттық өндіріс мынадай 2 тауардан тұрады делік: Х (тұтыну та-
уарлары), У (өндіріс құрал-жабдықтары). Ағымдағы жылы Х өнімінің 
500 мөлшері өндірілді, əрқайсысының бағасы 2 теңге, ал У тауарының 
20 мөлшері өндірілді, олардың əрқайсысының бағасы 10 теңгеге тең. 
Жыл аяғына қарай пайдаланудағы 5 машина жаңартылды. 
Табу керек: 
а) ЖҰӨ - ді, б) ТҰӨ - ді, в) Тұтыну көлемін жəне инвестиция көлемін, 
г) Таза инвестициялар көлемін.
14.
 
Өткен жылы белгілі бір мемлекетте мынадай көрсеткіштер орын 
алды (ақша бірлікпен): ЖҰӨ - 500, жеке сектордың жеке инвестиция-
лары – 75, мемлекеттік сатып алымдар – 80, үй шаруашылықтарының 
тұтынулары – 250, мемлекеттік бюджетке тікелей салықтардың түсуі – 
30, жанама салықтардың түсуі – 20, кəсіпкерлерге субвенциялар – 25, 
экспорт – 150, импорт – 110. 
Табу керек:
а) үй шаруашылықтарының 


45
қолда қалған табыстарын; ə) амортизациялық қорды; б) мемлекеттік 
бюджет жағдайын.
15. Кестенің мəліметтері бойынша 2005 жылдың бағалар индексі 
мен дефляторды анықтаңыз:
Өнім
2004 ж
2005 ж
Баға
Саны
Баға
Саны
НАН
І
200
1
300
ЕТ
3
100
4
150
КИІМ
6
60
8
50
16. Мынадай көрсеткіштер берілген (ақша бірлікпен): ЖҰӨ - 
480, жалпы инвестиция көлемі – 80, таза инвестиция көлемі – 30, үй 
шаруашылықтарының тұтыну көлемі – 300, мемлекеттік шығындар – 
96, мемлекеттік бюджет артықшылығы – 3. 
Табу керек:
а) таза ұлттық 
өнімді; ə) таза экспортты; б) үй шаруашылықтарының қолда қалған та-
быстарын жəне олардың жинақтау көлемін.
17. Мынадай көрсеткіштер берілген (ақша бірлікпен): ҰТ – 500, қолда 
бар табыс – 410, жанама салықтардың субсидиялардан асып кетуі – 20, 
үй шаруашылықтарының тұтынуы – 380, сауда балансының тапшылығы 
(импорттың экспорттан асып кетуі) – 10. 
Табу керек:
а) жинақтар мен 
жеке инвестициялар көлемін; ə) мемлекеттік шығындарды; б) тікелей 
салықтар сомасын, егер мемлекеттік бюджет тапшылығы 10-ға тең 
болса.
18. ЖҰӨ - 8281, амортизациялық төлемдер – ЖҰӨ көлемінің 
6 пайызын құрайды, корпорацияның бөлінбеген пайдасы – 470, жа-
нама салықтар – 520, субсидиялар – 250, корпорацияның пайдасына 
салынған салықтар – 157, табыс салығы – 723, трансферттік төлемдер 
– 605, əлеуметтік сақтандыру жарналары – 115.
Табу керек:
а) ТҰӨ-ді; б) ҰТ-ты; в) халықтың қолда қалған табыс-
тарын.
19. Жалақы – 1800, корпорацияның пайдасы – 300, амортизациялық 
аударымдар – 600, ренталық табыстар – салынған капитал құнының 15 
пайызын құрайды, трансферттер – 150, жанама салықтар – 300, капи-
тал құны – 6000. ЖҰӨ көлемін есептеу қажет. Бұл есепте қай əдісті 
қолданамыз?


46
20. Келесі макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесін қолдана оты-
рып, мемлекеттік жинақтар көлемін жəне үй шаруашылықтарының 
жинақтау көлемін есептеңіз:
1. Нақты ұлттық табыстың тепе-теңдік көлемі – 8500.
2. Экспорт – 160.
3. Импорт – 80.
4. Тұрғындардың төлейтін табыс салықтары – 630.
5. Мемлекеттік бюджеттен трансферттер формасында төленетін 
төлемдер – 280.
6. Инвестициялар көлемі – 1480.
7. Экономикадағы шеңбер айналымын қамтамасыз ететін үй ша р-
уашылықтарының тұтыну шығындары – 6200.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет