Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Мемлекеттік сатып алымдар мен таза экспорт болмайтын



Pdf көрінісі
бет31/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

9. Мемлекеттік сатып алымдар мен таза экспорт болмайтын 
үлгідегі соңғы өнімнің нарықтық құны:
а) жиынтық тұтыну мен таза инвестицияға тең
ə) жиынтық жинақ пен жиынтық тұтынуға тең
б) жиынтық тұтыну мен жиынтық инвестицияға тең
в) ешқайсысына тең емес
10. Жалпы ішкі өнім - бұл:
а) нақты бір елдің ауқымында экономикалық субъектілердің өн-
дірген соңғы тауарлары мен қызметтерінің құны
ə) нақты бір елдің резиденттерімен өндірілген аралық тауарлар мен 
қызметтердің құны


48
б) нақты бір елдің резиденттерінің ел ішінде жəне шетелдерде 
өндірген соңғы тауарлары мен қызметтерінің құны
в) ұлттық өндірушілердің өндірген тауарлары мен қызметтерінің 
құны
11. Мына табыстардың қайсысы ЖІӨ-ге (ЖҰӨ-ге) кіреді?
а) медбикенің табысы (жалақысы)
ə) ескі жиһазды сатудан түскен табыс
б) 1984 жылы салынған қала сыртындағы үйді сатып алу
в) жақын туысыңа ақша аудару
12. Жалпы ішкі өнімді (ЖҰӨ-ді) шығындар бойынша есепте-
генде мына элементтердің қайсысы қолданылады?
а) несиеге деген пайыз
ə) жалпы жеке инвестициялар
б) тауарлар мен қызметтердің таза импорты
в) мемлекеттік кəсіпорындарға субсидиялар беру
13. Мыналардың қайсысы «қор» категориясына кіреді?
а) қазынадағы алтын қоры
ə) мемлекеттік қарыз мөлшері
б) жұмыссыздар саны
в) аталғандардың барлығы
14. Қолда бар табыс мыналардың қайсысының айырмасына 
тең?
а) жеке табыс пен ұлттық табыстың
ə) жеке табыс пен жеке салықтардың
б) жеке табыс пен трансферттік төлемдердің 
в) ешқайсысының айырмасына тең емес
15. Егер атаулы ЖҰӨ 1200 млн. долл., ал нақты ЖҰӨ 1000 млн. 
долл. болса, онда ЖҰӨ дефляторы қаншаға тең?
а) 0,12
ə) 1,2
б) 120
в) 200


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет