Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Төлем балансы шоттарының өзара байланысы



Pdf көрінісі
бет280/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Төлем балансы шоттарының өзара байланысы.
Төлем балансының шоттары бір-бірімен тығыз байланыс-
та болады. Оны негізгі макроэкономикалық теңдестік арқылы 
түсіндіруге болады:


371
Y = C + I + G + Xn.
Егер теңдеудің сол жақ жəне оң жақ бөлігінен тұтыну 
шығындары мен мемлекеттік шығындарды алып тастайтын 
болсақ, онда біз мынаны аламыз:
S = I + Xn,
мұнда, Y – C – G = S, яғни ұлттық жинақтарды (жеке жəне 
мемлекеттік жинақтардың қосындысы) білдіреді. Бұл теңдеуді 
басқаша түрлендіріп негізгі макроэкономикалық теңдікті ала ала-
мыз:
Xn = S – I,
мұнда, Xn – экономиканың сыртқы балансы;
S – I – экономиканың ішкі балансы.
Нақтырақ айтатын болсақ, Xn – ағымдық операциялар 
шотының сальдосы, S – I – капитал қозғалысы шотының саль-
досы болып табылады. Бұл екі шот бір-бірін теңестіріп отыра-
ды жəне өз мəндерінің абсолютті шамаларына сəйкес келіп 
отырады. 
Соңында, негізгі макроэкономикалық теңдестіктің мынадай 
жазуын ала аламыз:
Xn + (I – S) = 0.
Төлем балансын талдаудың осындай логикасы 
кредит пен 
дебеттің барлық баптарының сомалары нөлге тең болады
деген-
ге негізделеді. Сонда осы макроэкономикалық талдау тұрғысынан 
біз екі негізгі шотты – ағымдық операциялар шотын жəне капи-
тал қозғалысы шотын ғана бөліп көрсетуіміз керек. Осы екі шот 
арқылы жүргізілетін кез келген келісім төлем балансында екі рет 
жазылатындықтан, олар бір-бірін əрдайым теңестіріп отырады. 
мысалы, егер қазақстандық импорт экспорттан көп болса, онда 
ағымдық операциялар шотының теріс сольдосы орын алады: 
Xn < 0. 
Шығындарымыз табыстардан асып кетсе, онда бір жер-
ден қарыз алуға тура келеді немесе өз активтеріміздің бір бөлігін 
сатуымыз керек. Осының бəрі Қазақстанға шетел валютасы осы 
шот бойынша құйылады дегенді білдіреді. Ал капитал қозғалысы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет