382
банк айырбас бағамын 150 тг./USD
деңгейінде ресми бекітетін
болса жəне осы кезде арзан ақшалар саясатын жүргізетін болса,
онда инфляция қарқынының өсуі валютаның айырбас бағамын
«қара нарықта» (валютаның еркін нарығы іспеттес) одан сайын
арттыра түсуі мүмкін, мысалы, 160 тг./USD.
Мұндай жағдайда
алыпсатарлар Орталық банктен долларларды 150 тг./USD бағамы
бойынша сатып алып оны еркін қара нарықта 160 тг./USD.
бағаммен барлығына бірдей қайта сата бастайды.
Қалыптасқан осындай жағдайлар кезінде үкімет пен Орталық
банк ерте ме, кеш пе, əйтеуір девальвацияға жүгінуге мəжбір
болады.
Девальвация
– бұл тіркелген
айырбас бағамы кезінде
ұлттық валютаның бағамын ресми жарияланған түрде төмендету.
Біздің мысалымыз бойынша, енді Орталық банк жаңа тіркелген
бағамды жариялайды: 160 тг./USD.
Девальвация саясаты сауда
балансы жəне төлем балансы тепе-теңдігінің мəселесін уақытша
шеше алады. Себебі үкіметтің осы шарасы тауарлардың экс-
портын арзандатады жəне оны кеңейтеді. Алайда,
бір уақытта,
девальвацияның салдарынан импорттық тауарлар қымбаттай ба-
стайды.
Сонымен, ұлттық валютаны девальвациялау импортерлерге
тиімсіз жəне экспортерлерге тиімді болып табылады.
Ревальвация
– бұл тіркелген айырбас
бағамы кезінде ұлттық
валютаның бағамын ресми жарияланған түрде жоғарылату. Им-
портерлер мен экспортерлер тұрғысынан бұл жағдай девальвация
шарасына қарама-қарсы болып табылады: импортерлер ұтады
жəне экспортерлер ұтылады.
Соңында, тағы бір көкейге түйетін жайт, яғни, «девальвация»
жəне «ревальвация» ұғымдары айырбастың
тек тіркелген бағамы
кезіндегі жағдайларда ғана қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: