Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Елдің төлем балансының құрамдас бөлігі – ағымдық опера-



Pdf көрінісі
бет295/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

7. Елдің төлем балансының құрамдас бөлігі – ағымдық опера-
циялар есебіне мыналардың қайсысы жатпайды: 
а) тауар импорты
ə) инвестициядан түсетін таза табыс
б) шет мемлекеттерге көліктік қызмет көрсету
в) сол елдің шет елдегі активтерінің өзгерістері
8. Төлем балансының тапшылығы қандай жолмен қаржы лан-
дырылуы мүмкін:
а) валютаны девальвациялау жолымен
ə) сыртқы қарызды ұлғайту арқылы
б) шетел валютасының резервтерін пайдалану жолымен
в) сыртқы қарызды ұлғайту жəне шетел валютасын көбірек жұмсау 
жолымен
9. Егер ұлттық валютаның нақты айырбас бағамы жоғары-
ласа, онда:
а) отандық тауарлар қымбаттайды
ə) экспорт қысқарады, импорт ұлғаяды
б) таза экспорт қысқарады
в) аталғандардың барлығы дұрыс
10. Кіші ашық экономикада, егер сыртқы əлемнің жинақтары 
төмендесе, онда:
а) валютаның нақты қымбаттауы жəне таза экспорттың төмендеуі 
орын алады
ə) валютаның нақты қымбаттауы жəне таза экспорттың өсуі орын 
алады
б) валютаның нақты құнсыздануы жəне таза экспорттың төмендеуі 
орын алады
в) валютаның нақты құнсыздануы жəне таза экспорттың өсуі орын 
алады
11. Егер Орталық банктің валюталық резервтерінің мөлшері 
өзгермесе, онда барлық тең жағдайларда: 
а) сауда балансының сальдосы міндетті түрде нөлге тең болады 
ə) ағымдық операциялар есебінің сальдосы міндетті түрде нөлге тең 
болады


390
б) капитал қозғалыстары есебінің сальдосы міндетті түрде нөлге 
тең болады
в) ресми есеп-айырысулар балансының сальдосы міндетті түрде 
нөлге тең болады
12. Орталық банк тағайындалған айырбас бағамы жағдайында 
төлем балансының тапшылығын қалай реттейді?
а) ірі телекоммуникациялық компанияның акция пакетін сату ар-
қылы
ə) ұлттық валютаны девальвациялау арқылы 
б) импортталатын тауарларға көтермелі кеден баждарын енгізу 
арқылы
в) қолма-қол ұлттық валютаны қосымша эмиссиялау арқылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет