Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Дефолт  – мемлекеттің банкроттыққа ұшырауы. Дискрециялық бюджет-салық саясаты



Pdf көрінісі
бет303/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Дефолт 
– мемлекеттің банкроттыққа ұшырауы.
Дискрециялық бюджет-салық саясаты 
– үкіметтің арнайы 
шешім дері бойынша салық салуды, мемлекеттік бюджет сальдосын 
жəне мем лекеттік шығындар көлемін мақсатты бағытта өзгерту шара-
ларынан тұратын іс-қимылдар.
Дискрециялық емес бюджет-салық саясаты 
– үкіметтің ар-
найы ше шім қабылдауын талап етпей, автоматты тұрақтандырғыштар 
арқылы мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының өздігінен 
реттелуін қамтамасыз ететін еркін іс-шаралар кешені.
Евсей Домардың экономикалық өсу үлгісі 
уақыт талабына сай 
жиынтық сұраныстың ұлғаюындағы жəне жиынтық ұсыныстың өнді-
ріс тік қуатын арттырудағы инвестицияның екіжақты рөлін зерттей тін 
жəне ұзақ мерзімде толық жұмысбастылыққа жетуді қарастыратын 
қарапайым неокейнстік үлгі.
Еңбек биржасы 
– жұмыс күшін сату жəне сатып алуды жүзеге асы-
ратын жұмыскерлер мен кəсіпкерлер арасында делдалдық қызметтер 
көр сететін ұйымдар.
Еңбек нарығы 
– ерекше тауар – жұмыс күшін сату жəне сатып 
алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы; еңбекті 
жалақыға айырбастау механизмі орындалатын нарық.
Енжар ақша-несие саясаты
– мемлекеттің бюджет-салық саяса-
тын жүзеге асыруынан туындаған ақша параметрлерін өзгерту.
Еңбек өнімділігі 
– бір жұмысшыға келетін өндірістің жалпы көлемі 


397
жəне ол мына қатынаспен анықталады: 
Y / L
, мұнда Y - шығарылым 
кө лемі, L - экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны немесе еңбек- 
тің істелген адам-сағат саны. Əртүрлі елдердің келтірген есептеулерін-
де еңбек өнімділігінің деңгейі неғұрлым жоғары болса, жан басына 
шаққандағы ЖІӨ деңгейі де соғұрлым жоғары болады деп саналады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет