399
Импорт
– ел ішінде пайдалануға жəне кері экспорттауға арналған
тауарларды шекарадан əкелу.
Импорттауға деген шекті бейімділік
– табыстың кез келген өзгері-
сінде импорттық тауарларға жұмсалатын
шығындар өсімінің пайыздық
үлесі.
Импорттық квота
– импорттық тауарлардың көлемін сандық шек-
теу. Импорттық квотаның екі түрі ажыратады: а) абсолюттік квота –
берілген елге əкелуге
рұқсат етілген тауарлар көлемі; ə) тарифтік квота
– төмен ставка бойынша белгілі уақыт аралығында нақты тауар əкелуге
рұқсат беру.
Импорттық тариф
– отандық тауар өндірушілерді шетел бəсеке-
сінен қорғау мақсатында импорттық тауарларға
салынатын салықтың
бір түрі.
Инвестициялар
– пайда табу мақсатында жеке жəне мемлекеттік
сектор капиталдарының ұлттық экономикаға
немесе шетел экономи-
касының əртүрлі салаларына ұзақ уақытқа салынуы.
Инвестицияға сұраныс қисығы
–
пайыздық қойылымның кез кел-
ген шамасында салуға мүмкін болатын инвестицияның көлемін сипат-
тайтын графикалық көрініс.
Достарыңызбен бөлісу: