Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


IS қисығы (инвестициялар-жинақтар)



Pdf көрінісі
бет308/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

 
IS қисығы (инвестициялар-жинақтар) 
– игіліктер нарығының 
тепе-теңдігін сипаттайды жəне сол игіліктер нарығында туындайтын 
нарық тық пайыз мөлшерлемесінің R жəне табыс деңгейі Y арасындағы 
өзара қатынасты бейнелейді.
IS-LM үлгісі
(инвестиция-жинақтау, өтімділік-ақша) – экономи- 
каның нақты жəне ақша секторларының өзара байланысын, игіліктер 
нарығы мен қаржылық активтер нарығының экономикалық тепе-тең-
дігін сипаттайды. Бұл үлгі тауар жəне ақша нарықтарында бір мезгілде 
тепе-теңдіктің орнауы үшін қажетті табыс көлемі (Y) мен нарықтық 
пайыз мөлшерлемесі (R) арасындағы үйлесімділікті табуға мүмкіндік 
береді. Сондықтан да IS-LM үлгісі AD-AS үлгісінің нақтыланған түрі 
болып табылады.
Капитал қозғалысы балансы
– тікелей жəне портфельдік инве-
стициялардан құралатын, ұзақ мерзімдік мемлекеттік жəне жеке банк-
тік займ дарды қамтитын, бұрын алған (берген) қарыздардың бір бөлі- 
гін төлеу (алу) операцияларын қарастыратын, сонымен қатар қысқа 
мерзімді капиталды, мемлекеттік бағалы қағаздар мен міндеттеме-
лерді, банктік де позиттерді, банкаралық қарыздарды, қысқа мерзімді 
несиелерді өзіне қосатын төлем балансының екінші бір бөлігі.
«Кейнс кресі» үлгісі 
– бағалардың икемсіздігі мен экономика ның 
жұмыспен толық қамтылмағандығы жағдайында игіліктер нарығында 
инвестициялар мен жинақтардың, жоспарланған шығындар мен 
ұлттық табыстың жəне сəйкесінше, жиынтық сұраныс пен жиынтық 
ұсыныстың тепе-теңдігін қалыптастыру арқылы тиімді сұранысқа қол 
жеткізуді қарастыратын кейнстік қысқа мерзімді макроэкономикалық 
тепе-теңдік.


401
Кейнстің негізгі психологиялық заңы - 
«табыс өскен сайын тұ-
тынушылар тұтынуды арттырады, бірақ тұтынудың артуы табыстың 
өсуіне қарағанда кем артады, яғни тұтынудың өсуі табыстың өсу 
көлеміндей болмайды». Адамдардың табысы артқан сайын тұтынуға 
деген бейімділік төмендей береді жəне керісінше жинақтауға деген 
бейімділік арта түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет