«Кепілдендірілген» экономикалық өсу
– қолда бар өндірістік
қуатты (капиталды) толық пайдалана отырып, жиынтық сұраныстың
салыстырмалы өзгерісіне байланысты кəсіпкерлердің психологиялық
күтімдерінің барынша ақталуы кезіндегі экономиканың тепе-теңдіктік
даму беталысы.
Кешігуші
немесе қалып келуші параметрлер – жандану (құлдырау)
фазасы орындалғаннан кейін өзінің максимум (минимум) нүктесіне
келіп жететін параметрлер. Олар: мерзімі 15 аптадан асқан жұмыссыздар
саны, жаңа кəсіпорындар салуға жəне құрал-жабдықтарға кететін
шығындар, жалақыға кететін қомақты шығындар, коммерциялық
банктердің пайыз мөлшелемелерінің орташа деңгейі.
Коммерциялық банктер
– əртүрлі операцияларды орындау мен
қызметтерді көрсету арқылы заңды жəне физикалық тұлғаларға келі-
сімшарттар негізінде несиелік-есеп-айырысушылық жəне басқа да
банктік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын əмбебап тұрпаттағы
несиелік мекемелер.
Контрциклдік көрсеткіштер
– циклге қарсы жүріп отыратын, жан-
дану фазаларында қысқаратын жəне құлдырау фазаларында ұлғаятын
эко номикалық параметрлер. Оларға жататындар: жұмыссыздық деңгейі,
банкроттықтар саны, дайын өнім қорларының мөлшері, т.б.
Көлеңкелі экономика
– мемлекетке салық төлеуден жалтаратын
жəне заңсыз түрде пайда табуды көздейтін экономикалық қызмет.
Кредит
– нəтижесінде елден құндылықтар кететін жəне солар
үшін елге шетел валютасындағы ақшалай ағындар келетін келісімдер
жиынтығы жəне бұлар «плюс» белгісімен жазылады.
Кіші
(шағын)
ашық экономика
– кішігірім елдің экономикасы, оның
əлемдік нарығындағы үлесі аз ғана, ол əлемдік пайыз мөлшерлемесіне
айтарлықтай əсер ете алмайды. Сондықтан пайыз мөлшерлемесі сырт-
тан берілген, экзогендік түрде қабылданады.
Қайталама нарық
– бұрын шығарылған құнды қағаздарды қайта
сату-сатып алу қатынастары орын алатын нарық.
Достарыңызбен бөлісу: |