Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


салаларының ірі корпорацияларын қаржыландырумен айналысатын  ұйымдар. Салыстырмалы артықшылықтар теориясы



Pdf көрінісі
бет316/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

407
салаларының ірі корпорацияларын қаржыландырумен айналысатын 
ұйымдар.
Салыстырмалы артықшылықтар теориясы
– қандай да бір ел 
мамандандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекетпен салыстыр -
ғанда баламалы (салыстырмалы) шығындары аз болатындай етіп жүзеге 
асыруы керек. Сонда жалпы өнім де жоғары деңгейде болады.
Самуэльсон-Хикс үлгісі
– тек игіліктер нарығында ғана үй шаруа-
шылықтары мен фирмалар сияқты экономикалық субъектілердің іс-
əре
кеттерін қарастыратын қарапайым кейнстік динамикалық үлгі, 
мұнда барлық өзгермелі көрсеткіштер уақыт бірлігімен сипатталады, 
экономикалық субъектілердің тəртіптері статикалық күтімдер бойын-
ша қалыптасады, бағалар деңгейі мен пайыз мөлшерлемесі тұрақты 
деп болжанады. Модельде жиынтық сұраныстың толқу механизмі ак-
селерация принципі мен мультипликатор əсері арқылы түсіндіріледі. 
Сондықтанда, аталған үлгі басқаша «мультипликатор-акселератор 
əсері» деп аталады.
Сауда балансы
– белгілі бір уақытта (ай, тоқсан, жыл) құндық 
сипаттағы енгізілетін жəне сыртқа шығатын тауарлар арасындағы 
арақатынасты көрсететін қандай бір елдің немесе əлемдік нарықтағы 
елдер тобының экономикалық жағдайынан хабардар ететін негізгі 
макроэкономикалық көрсеткіштердің бір түрі.
Сауда саясаты
– тарифтер, квоталар жəне басқа да сыртқы эко-
номикалық реттеу құралдары арқылы мемлекеттің экспорт пен импорт-
ты ынталандыруға немесе шектеуге араласуы.
Сауда эмбаргосы
– қандай да бір елдің басқа бір елге тауарлардың 
белгілі бір түрлерін экспорттауға немесе сол тауарларды импорттауға 
тиым салуы. Мұндай шектеулер экономикалық мүдделерді көздемейді, 
тек саяси себептерге байланысты жүзеге асырылады.
Саяси сілкіністер
– макроэкономикалық саясаттың іс-шараларын 
(ақ ша ұсынысындағы өзгерістер, фискалдық жəне валюталық 
саясаттарда ғы өзгерістер) жүзеге асыру нəтижесінде ұлттық табыс пен 
шығарылым көлемінің өзгеруі.
Сəйкес келуші
– немесе дұрыс келуші параметрлер – экономикалық 
белсенділіктің өзгеруімен сəйкес жəне бір уақытта өзгеріп отыратын 
параметрлер. Бұларға: ЖІӨ (ЖҰӨ), жұмыссыздар саны, өнімдер, жеке 
табыстар, өндірушілер бағасы, орталық банктің пайыз мөлшерлемелері, 
жарнамаға кететін шығындар.
Слампфляция
– өндірістің құлдырауы жағдайында инфляция мен 
жұмыссыздық қарқындарының қатар өсуімен жүретін экономиканың ең 
ауыр жағдайы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет