414
сапа жағынан жетілдірілуі; өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуы-
мен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дəрежесінің ұзақ
мерзімдегі өзгерістері.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаты
– халықтың əл-ауқатын
материалдық тұрғыдан көтеру, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету,
шығарылған тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасын жақсарту,
орта есеппен бір адамға шаққандағы табыстың өсуін шапшаңдату, со-
нымен қатар, ұлттық табыстың халықтың əр топтары арасында бөлінуін
жақсарту.
Экономикалық (іскерлік) цикл
– макроэкономикалық тұрақсыз-
дықтың белгісі ретінде нақты ЖІӨ-нің экономикалық белсенділік
деңгейі нің үнемі толқып жəне ауытқып отыруы.
Экономикалық өсудің дағдарысы
– əлемдік тəжірибеде нақты
жалпы ішкі өнім көлемінің қатарынан үш жыл бойы жалғасқан 9%-ға
дерлік төмендеу көрсеткіші.
Экономикалық өсу қарқыны
– пайыздық көрсеткішпен əдетте бір
жылға есептелетін нақты ЖІӨ-нің өсім қарқынының көрсеткіші.
Экономикалық өсудің сапасы
– халықтың материалдық жағдай-
ларын жақсарту, əлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму деңгейін
арттыру, адам капиталына инвестиция құюды күшейту, адамдардың
өмір сүру деңгейі мен еңбек жағдайларының қауіпсіздігін сақтау, толық
жұ мысбастылықты қамтамасыз ету жəне халықты əлеуметтік қорғауды
күшейту сияқты маңызды көрсеткіштер арқылы сипатталатын ел эконо-
микасы дамуының əлеуметтік бағыттылығы.
Экономикалық өсудің тиімділігі
– тауарлар мен қызметтердің са-
пасын жақсарту, олардың бəсекелік қабілеттілігін көтеру, өнімнің жаңа
түрлерін жасау, өндірістің мамандандырылуын тереңдету, инновация-
лар мен жаңа технологияларды игеру сияқты экономикалық қызметтің
əртүрлі бағыттарын қамтитын кең мағыналы ұғым.
Экспорт
– тауарларды сыртқы нарықтарда өткізу үшін сыртқа
шығару, сондай-ақ, шетелдерде шығарылған тауарларды кері экспорт-
тау.
Достарыңызбен бөлісу: