Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет321/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Ұлттық шоттар жүйесі
(ҰШЖ) – ұлттық өнім мен ұлттық та-
бысты өндіру, бөлу жəне соңғы пайдалану үрдістерін сипаттайтын 
бухгалтерлік есепшот нысанындағы кестелер кешені. 
Ұсыныс сілкіністері
– шикізатқа деген əлемдік бағалардың ауыт-
қулары, табиғи апаттар, маңызды ғылыми жасампаздықтар мен ашы-
лымдар.
ҰШЖ-нің негізгі мақсаты 
– ұлттық өнімнің (ұлттық табыстың) 
қалыптасуы мен пайдалану үдерістерін кешенді, əрі жан-жақты талдау 
үшін, экономикалық саясатты жүргізу мен үлгілерді құру жəне болжау 
үшін қажетті мəліметтермен қамтамасыз етіп отыру.
Үй шаруашылығы
– жұмыс күші ұсынысын жəне игіліктерге 
деген сұранысты қалыптастыратын, алынған табыстарының бір 
бөлігін тұтынатын, ал қалған бөлігін жинақтайтын, олар ең аз шығын 
жұмсай отырып, өз пайдалылықтарын максималдауға тырысатын 
макроэкономиканың субъектілері. 
Үлгілеу
– əртүрлі экономикалық құбылыстар мен үрдістерді, олар-
дың арасындағы функционалдық өзара байланыстарды логикалық 
түсінік термен, графиктермен, алгебралық сипаттамалармен қарапайым 
түрде түсіндіру.
Үлкен (ірі) ашық экономика 
– оның ауқымына байланысты па-
йыз мөлшерлемесі елдің ішіндегі экономикалық процестер əсерінен қа-
лыптасады. Ірі елдің экономикасы (АҚШ, Жапония, Қытай, Германия). 
Бұл елдер əлемдік қор жинағы мен инвестицияның едəуір бөлігіне ие 
болғандықтан əлемдік пайыз мөлшерлемесіне айтарлықтай əсер ете 
алады.
Үнемділік оғаштылығы 
– қоғамның көбірек жинақтауға ұмты-
луы нан тұтыну мен табыстың қысқаруы нəтижесінде жинақтау көле-
мінің азаюы.
Филлипс қисығы 
– жұмыссыздық пен инфляция қарқыны арасын -
да ғы өзара байланыстың графикалық кескіні.
Фирма
 
– өндіріс факторларына сұраныс білдіретін жəне игіліктердің 


412
ұсынысын жасайтын, əрі инвестициялау үрдісін жүзеге асыратын 
белгілі бір елдегі барлық кəсіпкерлік сектордың жиынтығы, фирмалар 
ереже бойынша, өз қызметін жүзеге асыру барысында үнемі пайданы 
максималдауға тырысады.
Фишер əсері 
– нақты пайыздық қойылымның тұрақты болуы үшін 
атаулы пайыздың инфляция қарқынына байланысты өзгеріп отыруы
яғни нақты пайыз көлемінің сатып алушылық қабілетін тұрақты ұстау 
үшін инфляция деңгейі қаншаға өзгерсе, атаулы пайызды да сонша 
шамаға өзгертіп отыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет