Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Сыртқы (экзогендік) факторлар



Pdf көрінісі
бет318/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Сыртқы (экзогендік) факторлар
– берілген экономикалық 
жүйе нің шеңберінен тыс жатқан факторлар. Оларға жататындар: 
халықтың өсу қарқы-ны, халықтың миграциясы, ғылыми ашылымдар 
мен техникалық жетістіктер, соғыстар, əртүрлі саяси оқиғалар, мұнайға 
деген бағаның күрт өзгеруі, ірі кен (əсіресе, алтын) орындарының ашы-
луы, жаңа жерлер мен табиғи ресурстардың игерілуі, Күн бетіндегі 
дақтар, ауа-райы əсерлері мен табиғи апаттар, т.б.
Сыртқы экономикалық саясат 
– мемлекеттің ашық экономи-


409
ка жағдайында халықаралық сауда қатынастарына араласа отырып, 
ұлттық экономиканың өсуі мен тиімділігін арттыру, халықтың өмір 
сүру деңгейін жақсарту мақсатында таза экспортты реттеуге араласуы.
Сілкіністер (шок) 
– экономикада қандай да бір фактордың əсері- 
нен жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың күрт өзгеруі.
Сэй заңы
– тауарлардың ұсынысы өзінің дербес сұранысын ту-
дыратын немесе өндірілген өнімнің жалпы көлемі сол өндірілген 
тауарлардың барлық құнына тең жəне оларды толық сатуға (сатып 
алуға) жеткілікті бола алатын жиынтық табысты қамтамасыз ететіндігін 
дəлелдейтін теория.
Табыстар саясаты 
– мемлекеттің инфляцияны ұстап тұру мақ-
сатында жалақы мен бағаларды директивалық шаралармен тікелей 
бақылауға алу арқылы экономикаға əсер етуі.
Таза салықтар 
– жиынтық салықтар мен трансферттік шығын-
дардың арасындағы айырма.
Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) 
– тозған құрал-жабдықтардың орнын 
толтырғаннан кейін тұтынуға қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің 
жиынтығы.
Таза экспорт (X
n

– экспорт пен импорт құндарының айырма-
сына тең, яғни шет мемлекеттердің ұлттық экономикада өндірілген 
отандық тауарлар мен қызметтерге деген экспорттық сұраныстары мен 
ұлттық сатып алушылардың сол шет мемлекеттердің өз ұлттық эко-
номикаларында өндірген тауарлары мен қызметтеріне деген импорт-
тық сұраныстары арасындағы айырмашылықты сипаттайтын АD-ның 
құрамдас бір бөлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет