Экономикалық өсудің мақсаты



Дата07.02.2022
өлшемі15,71 Kb.
#93636
Байланысты:
Документ (15)экономика


  1. Экономикалық өсудің мақсаты — бұл адамдардың материалдық және рухани қажеттіктерін қамтамасыз ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейту. Адамдардың білімі, дағды-тәжірибесі, қабілеті адамдар капиталын құрайды. Бұл адамдардың болашақтағы өмір-жағдай дәрежесінің кепілі болып табылады.

  2. Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
3.1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары: қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту); ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары: жұмыс күшінің санының өсуі; капиталдың көлемі өсуі.
3. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет