Заңды тұЛҒалардың ТҮрлері



Дата07.09.2022
өлшемі147,26 Kb.
#148947
Байланысты:
Құқық слайд

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Орындаған:Шырынбеков Ш,Құттыбаева А,Социал Г,Тұрдығалиева М

Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.

  • Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық

Қазақстан Республикасының Азаматтық

Кодексі Заңды тұлғаны екіге бөледі


Комерциялық емес
Коммерциялық

АК нормаларына сәйкес заңды тұлғалардың түрлері мынадай негіздер бойынша жіктеледі:

  • АК нормаларына сәйкес заңды тұлғалардың түрлері мынадай негіздер бойынша жіктеледі:
  • заңды тұлғаларға немесе олардың мүлкіне қатысты құрылтайшылардың құқықтары;
  • заңды тұлғалар қызметінің мақсаттары;
  • заңды тұлғаның мүлкіне негізделетін меншік нысаны.

ҚР АК-ның 36-бабына сәйкес, қатысушылар оларға қатысты міндеттемелік құқықтарын сақтайтын заңды тұлғаларға акционерлік қоғамдар, шаруашылық серіктестіктер және кооперативтер жатады.

ҚР АК-ның 36-бабына сәйкес, қатысушылар оларға қатысты міндеттемелік құқықтарын сақтайтын заңды тұлғаларға акционерлік қоғамдар, шаруашылық серіктестіктер және кооперативтер жатады.

Қоғамдық ұйымдар, діни ұйымдар, қайырымдылық және өзге де қорлар олардың құрылтайшы-қатысушыларының ешқандай мүліктік құқықтары болмайтын заңды тұлғаларға жатады.

Қызмет ету мақсаттарына қарай заңды тұлғаларды жіктеу АК-ның 34-бабының негізінде коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар бойынша жүргізіледі.

Өз қызметінің негізгі мақсаты табыс келтіруді көздейтін заңды тұлға коммерциялық ұйымға жатады. Мұндай мақсатты көздемейтін және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым деп есептеледі.

  • Өз қызметінің негізгі мақсаты табыс келтіруді көздейтін заңды тұлға коммерциялық ұйымға жатады. Мұндай мақсатты көздемейтін және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым деп есептеледі.

Коммерциялық емес заңды тұлғаларға ортақ нәрсе – олар, негізінен алғанда, коммерциялық емес сипаттағы басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылады (АК-ның 105, 107, 109-баптары). Сонымен қатар, заңдар кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, яғни коммерциялық емес ұйымдар үшін де пайда табуға рұқсат етеді(АК-ның 108-бабы). Осы себепті біз коммерциялық емес ұйымның мынадай анықтамасын ұсынамыз: коммерциялық емес ұйым дегеніміз – бұл өзінің қызметінен табыс алу мақсаттарын көздемейтінжәне алынған таза табысты өзінің қатысушылары арасында үлестірмейтін, басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипкттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылған заңды тұлға.

  • Коммерциялық емес заңды тұлғаларға ортақ нәрсе – олар, негізінен алғанда, коммерциялық емес сипаттағы басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылады (АК-ның 105, 107, 109-баптары). Сонымен қатар, заңдар кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, яғни коммерциялық емес ұйымдар үшін де пайда табуға рұқсат етеді(АК-ның 108-бабы). Осы себепті біз коммерциялық емес ұйымның мынадай анықтамасын ұсынамыз: коммерциялық емес ұйым дегеніміз – бұл өзінің қызметінен табыс алу мақсаттарын көздемейтінжәне алынған таза табысты өзінің қатысушылары арасында үлестірмейтін, басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипкттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылған заңды тұлға.

Коммерциялық ұйымдар акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын, нысанында құрылуы мүмкін.

  • Коммерциялық ұйымдар акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын, нысанында құрылуы мүмкін.
  • Мекемелер, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық қорлар, қоғамдық бірлестіктер, діни бірлестіктер, тұтынушылар кооперативтері, қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестіктері заңды тұлғалардың коммерциялық емес түрлеріне жатады.

Заң шығарушылар коммерциялық заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандарының тізбесіне шектеу қойған. Сондықтан ҚР Жоғарғы Кеңесінің “Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін қолданысқаенгізу туралы” 1994 ж. 27 желтоқсандағы Қаулысы бойынша Азаматтық кодекс ресми түрде жарияланғанға дейін ұйымдық-құқықтық нысанда ұйымдастырылған, Азаматтық кодексте көзделмеген заңды тұлғалар 1998 ж. 1 қаңтарға дейін Азаматтық кодексте көзделген ұйымдық-құқықтық нысанға өзгертілуі тиіс деп белгіленген.

  • Заңды тұлғаның мүлкі негізделетін меншік нысанына қарай заңды тұлғалар мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға бөлінеді.
  • Мүлкі үлестерге немесе акцияларға бөлінбеген және біртұтас мүлік ретінде толығымен мемлекет меншігіне жататын заңды тұлғаларды ғана мемлекеттік заңды тұлғалар деп түсіну керек (АК-ның 102-бабы).

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет