Контекст тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата18.05.2023
өлшемі1,45 Mb.
#177090
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
№8 КОНТЕКСТ 
Ұлы Жібек жолы шығыстағы Қыйтадың Хуанхэ өзенінен бастап батыстағы Византия 
империясына (Шығыс Рим империясына) дейін жалғасқан жолды біріктірді. Жол 
бойында жібек матасы алтынмен қатар халықаралық валюта рөлін атқарды. Ұлы Жібек 
жолы бойында ең құнды тауар – жібек матасы. Жібек Қытайда 6000 жыл бұрын пайда 
болды. Жібектің құпиясын Қытай елі ұзақ сақтап отырды. Жібек шығарудың құпиясын 
алғаш болып Соғды елі мен Жапон саудагерлері ашады. II-V ғ.ғ. Жібек жолы шығыста 
Хуанхэден басталып, Қашғария мен Ферғанаға, одан әрі Самарқан, Бұхара арқылы 
Сирияға өтті. VI-XIII ғғ. ҰЖЖ негізгі бағыты: Сирия – Иран – Орта Азия – Оңтүстік 
Қазақстан – Талас, Шу алқабы – Ыстықкөл, Шығыс Түркістан арқылы Қытайға өтетін. 
1. Мәнмәтін бойынша Ұлы Жібек жолы Қазақстанның келесі өңірлері арқылы өтті: 
A) Маңғыстау, Тобыл 
B) Жетісу, Сырдария 
C) Ертіс, Енисей 
D) Еділ, Жайық 
2. Ұлы Жібек жолының шығыс қақпасы: 
A) Оңтүстік Қазақстан 
B) Сырдария 
C) Жетісу 
D) Орта Азия 
3. Жасыл жібек матадан тігілген шапан киген қаған: 
A) Тон 
B) Мұқан 
C) Сатұқ Боғра 
D) Сұлу 
4. Берілген өзендерді ортағасырлық қалалары бойынша сәйкестендір: 
1. Шу. 2. Іле. 3. Сырдария.
А) Күнгіт. В) Суяб. С) Испиджап 
A) 1C, 2A, 3B 
B) 1B, 2A, 3C 
C) 1B, 2C, 3A 
D) 1A, 2B, 3C 
5. Ұлы Жібек жолы жұмысының тоқталу себебі 
A) Түрік қағанаты мен Византияның әскери одағы 
B) Моңғол шапқыншылығы 
C) Теңіз жолдарының ашылуы 
D) Әмір Темір шапқыншылығы 


№9 КОНТЕКСТ 
 
№1 мәтін 
Cырдария бойында дәуірлеген қалалардың бірі – Сауран. Өз атауын сақтап қалған 
Сауранның қалдықтары Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым 
жерде жатыр. Қала туралы бірінші деректер X ғасырдан белгілі. X ғасырда өмір сүрген 
белгілі араб тарихшысы Макдиси қаланы былай деп сипаттаған: «Сауран (Сарван, 
Сабран) – бірінен кейін бірі 7 қабырғамен қоршалған үлкен қала, оның рабады бар, үлкен 
мешіт ішкі қалада орналасқан. Ол гүздер мен қыпшақтарға қарсы құрылған шегаралық 
бекініс – қамал». XV ғасырдың бірінші жартысында Жошы ұрпағы билігі кезінде Сауран 
тіпті Ақ Орданың астанасы болған. Қалада 1320 жылы қайтыс болған Ақ Орданың ханы 
Сасы – Бұқа жерленген. Астаналық орталық рөлін Сауран кейінгі кезде де сақтап келген. 
XV ғасырдың 80-жылдары қаланы алғашқы қазақ хандарының бірі Жәнібектің ұлы 
Иренші сұлтан билеген. XVI ғасырдағы Сауранды Рузбихан толық сипатталған. 
Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. – А., 1992, 82–83-б 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет