Контекст тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата18.05.2023
өлшемі1,45 Mb.
#177090
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
№3 КОНТЕКСТ 
Tүркі ақсүйектерi жерленген қорғандарға құлпытастар ғасырлар бойы қойылды. 
Құлпытас жазуларында түркі халқының өмiрлiк құндылықтары мен адамгершiлiк 
мұраттары бейнеленген. Орхон және Енисей өзендерi алқаптарындағы ескерткiштер 
түркi руна жазуының ғажайып үлгiсi саналады. Ескерткiштер осы өңірден 
табылғандықтан «Орхон-Енисей жазуы» деп аталды. ...Барлық жазулар түркі 
қоғамының бүкiл жұртшылығына арналған үндеулерден тұрады. Үндеу авторлары 
халықты қаған маңына бiрiгiп, топтасуға шақырады. Бiлге қаған мен Күлтегiн құрметiне 
арналған жазулар шешендiк өнер мен саяси прозаның тамаша үлгiлерi саналады. Ағашқа 
оймыш (ксилография) әдiсiмен басып жазу да түркiлердiң жетiстiгi болып табылады. 
Ксилографияның шығу тегi мөрден басталады. Түркi тiлiнде бұл әдіс алғаш рет VII 
ғасырдың бас кезiнде қолданылған. Ғалым С.Е. Малов өзінің «Көне түркі жазуының 
ескерткіштері» атты еңбегінде: «Шығыс Түркістанда қағаз өндіру, Қытайдағыдай сол 
кезеңде басталған» деп атап өтеді. Рунатанудың (рунология) ғылым ретiндегі екі 
ғасырлық тарихында еуропалық руна ескерткiштерiнiң бiрде-бiрi әлi күнге дейін 
оқылған жоқ. Ал сол кезеңдегi көне түркi мәтiндерi қазiргi қолданыстағы сөздей жақсы 
оқылады. 
1. Алғашқы ойып жазу әдісі: 
A) рунология 
B) ксилография 
C) филология 
D) түркология 
2. «Көне түркі жазуының ескерткіштері» атты еңбегін жазған автор: 
A) В.Томпсен 
B) Л.Гумилев 
C) В.Радлов 
D) С.Малов 
3. Мәнмәтін бойынша түркі халқының маңына бірігіп топтасуға шақырған үндеуін 
анықтаңыз: 
A) «Яса» («Жасақ») 
B) «Орхон-Енисей» 
C) «Авеста» 
D) «Кодекс Куманикус» 
4. Мәнмәтін бойынша түркі халқының өмірлік құндылықтары мен адамгершілік 
мұраттары бейнеленеді: 
A) Сына жазуында 
B) Құлпытас жазуында 
C) Төте жазуда 
D) Парсы жазуында 
5. Рунатанудың ғылым ретіндегі екі ғасырлық тарихында оқылмаған ескерткіштері: 
A) Ұйғыр жазуы 
B) Германдық руна 
C) Сына жазуы 
D) Еуропалық руна 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет