Сүйінбай Аронұлы



Дата04.11.2016
өлшемі227,38 Kb.
#255


Сүйінбай Аронұлы
(1815-1898 )
Сүйінбай ақын Алматы облысының Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген, сонда қайтыс болды. Қазақ халқының ақыны, айтыс өнерінің шебері. Аронұлы Сүйінбай (1815 - 1898) – қазақтың әйгілі ақыны, айтыс өнерінің майталман жүйрігі. Туып өскен жері Алматы маңы, Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ елді мекені. Осы өңірден топырақ бұйырған. Шыққан тегі Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Шежіре дерегі бойынша арғы атасы Күсеп дәулескер қобызшы болған. Күсептен Арон, одан Сүйінбай туған. Сүйінбайдан туған Малыбай, Бағыжан, Жетібай есімді балаларының ұрпағы өсіп өнген.
Сүйінбайдың ақындық дарының алтын бесігі халқының ежелден қалыптасқан өнерпаздық дәстүрі. Әсіресе, ел ішінің сөз өнерін әспеттеген ұлы дәстүріне жастайынан ерте ұштап, төңірегіне ерте танылады. Ел аузында айтылатын:
«Екейде елу бақсы, сексен ақын,

Жаратып мінеді екен ерттеп атын.

Қобызға домбырасы үнін қосып,

Гулейді жын қаққандай кешке жақын»


деген өлең сол ортаның ән күй мен өлең жырды айрықша дәтүр еткенін аңғартса, одан тағылым алып өскен Сүйінбайдың:
«Атыңнан айналайын Қызыр бабам,

Түсімде таңға жуық келді маған.

Білмеймін «өлең» деді, «көген» деді,

Сайрауық құстар келіп төнді маған»


деуі, оның ақындық дарынының ерте оянғанын аңғартады. Сүйінбайдың даңқын елге жайған, ауыздан ауызға тараған шығармаларының бір шоғыры өз кезіндегі хан қара, би төре, бай манаптарға, көз көрген замандастарына қарата айтылған өлеңдері. Бұл өлеңдері, ол бір жағынан елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын, табанды да турашыл азаматтың тұлғасын танытып отырса, екінші жағынан айтар ойын ұрымтал образ, ұтқыр ой арқылы жеткізуге шебер ақынның тегеурінді қарымын танытады.
«Хан емессің, күйіксің,

Қалың елді айдап жеп,

Теріңе зорға сиыпсың,

Ұры қары залымның,

Жаныңа бәрін жиыпсың...

Дүниені жұтса тоймайтын,

Түпсіз жатқан ұйықсың,

Қадірің жоқ халыққа,

Аққан судай сұйықсың», дейді Сүйінбай.
Құнарлы сөз, кесек ой, келелі уәж оның поэзиясына, эпикалық қарым, көркемдік сипат дарытып отырады.
Сүйінбайдың, әсіресе, айтысқа түскенде қынынан суырылған қылыштай жарқылдап, өзінің туа біткен ақындық дарынмен қауышқандай әсерге бөлеп отырады. Оның Майлықожамен, Тезек төремен, Қатағанмен, Арыстанбекпен айтыстары нағыз шашасына шаң жуытпайтын жүйріктің айғағы. Сүйінбай поэзиясы арқылы қазақтың айтыс өнерінің өрісі анағұрлым ұзарып, биіктеді, тақырып аясы кеңейіп, әлеуметтене түсті.
Эпикалық қарымдағы ақын ретінде Сүйінбай халықтың әр түрлі жыр дастандарын таңды таңға ұрып айтып, «Манас», «Көрұғлы», «Рүстем Дастан», «Тотынама» сияқты туындыларды шығармашылықпен өзінше жырлаған.
Оның Сұраншы, Саурық батырлар туралы циклді өлеңдері мен толғаулары нағыз эпик ақынның өресін танытатын өлмес мұра. Мұнда ежелгі эпосқа тән асқақ рух, алапат теңеулер қарша борап отырады. «Лашын құстай түйілген, ақ тұйғындай шүйілген» батыр тұлғасын, «отыз жылдай алысқан, қырық жылдай шабысқан» дұшпан бейнесін нағыз жыраулық тегеурінмен сипаттайды.
Ол айбынды айтыскер ақын және батырлық эпостарды жырлаудың шебері болған. Өтеген, Қарасай, Сұраншы, Саурық сынды қазақ батырлары турасында қаһармандық дастандарын дүниеге келтірді. Оның Тезек төре және Катаған ақындармен айтысы да дүйім жұртшылыққа мәлім. Бұл айтыстарда ол орын алған әлеуметтік мәселелерді арқау етіп, ерекше орындаушылық дарыны мен суырып салма ақын екенін паш етті.
Сүйінбайдың Тезек төремен кездесуі — кейінірек, ақынның ер жетіп, елге танылған шағы. Қалың бұқараға сүйенген ақын тайсалмай сөйлеп, Тезек төрені де жалайырдағы Солтанға ұқсатып ел алдында әшкерелеп, бас көтертпей жалынды сөзінің күшімен бөгеп отырады. Тіпті көрші қырғыз халқының қанды балақ, орақ ауыз Орман хан тұқымдарының орынсыз істерін де батыл сынайды. Ол шындық үшгін күресіп, хан-төре тұқымының қылмыстарын бетіне басадй. Әр түрлі дауға түсіп, әділ қазыдай әмірлі билік айтады.
|Ақынның бұлайша ел ісіне араласуы оның қоғамдық бетін айқындайды, бетіне адам қаратпаған әрі ақын, әрі әкім төренің аузын буып, оның төріне именбей шығып, табағынан ас, малынан бас беруге мәжбүр еткен — Сүйінбайдың тас жібітер өткір де батыл тілі. Табиғатынан талантты ақынға ел артқан сенім, ол көрсеткен сый-құрмет өшпес даңқ әперіп, бойындағы сарқылмас талант бұлағының көзін ашты. Ақын енді үй айналасыңдағы әкесінің шағын шаруашылығымен айналыспай, ағайын арасы ұсақ дау-шарға бөгелмей, ел кезіп, өмір көру, ділмар-шешен ақындармен кездесіп, олармен дидарласу арманын алға қояды.
Сүйінбай — халқымыздың поэтикасына жетік шебер тілді, жүйрік ақын. Бұған оның билер мен төрелердд сынап, мысқылдап айтқан өлеңдерінің өзі дәлел. Ақынның „Кәріілік" атты өлеңін еске алсақ, бұл да оның адамның қартая бастаған өмір белестерін айқын бейнелеп, шендестіре сөйлеуге ұста екенін танытады.
Ақын боп жиырмада желдей болдым,

Отызда асқар биік белдей болдым.

Отыз асып қырыққа келгеннен соқ,

Қаптаған жердін, жүзін селдей болдым.


Қырықтан асып, елуге келгеннен соң,

Түбім терең, құрақты көлдей болдым.

Елу асып, алпысқа келгеннен соң,

Салынды суға ілінген сеңдей болдым

Алпыс асып, жетпіске келгеннен соң,

Тап-тақыр ел жайлаған жердей болдым.


Ақынның бір арманы еліне әділетті өмір орнатып, еңбек адамын бақ-дәулетке ие ету. Берекелі, бейбіт елді, елі үшін еңіреп туған ерді көрсетіп, бұқара халықты әділ жолға бастар абзал басшыны, адал азаматты қадірлеу. Ел берекесі бірлікте екенін ескертіп, әсіресе, сыртқы жауға қарсы тұру үшін ауыз бірліктің маңызы ерекше екенін баса айтады.
Жау басынар халықты

Басқарушы оңбаса.

Малша айдап адамды

Орынсыз күштеп зорласа.

Ауға тускен балықтай

Шыға алмайсың бұлқынып,

Әділетшің болмаса

Күннің көзін жасырар,

Аспанды бұлт торласа.

Елдің бағы ашылар

Әділеттік орнаса.
Жамбылдан басқа ақындар да Сүйінбайды өздеріне ұстаз тұтып, оның таланты алдында бас иген. Сүйінбай қайтыс болғаннан кейін, бір топ ақын оған арнап жоқтау өлеңдерін шығарғану Мысалы Үмбетәлі ақынның жоқтауы 1935 жылы шыққан Сүйінбай өлеңдерінің алғашқы шағын жинағында басылды.Сүйінбайдың кейінгі ақындарға осылай үлгі-өнеге болғаньш айта келіп, профессор Е. Ысмайылов былай дейді: „Сүйінбайдың бүкіл Жетісу ақындарына, әсіресе, ең талантты шәкірті, келешегінен зор үміт күткен Жамбылға берген ақындық, ұстаздық жолында екі үлкен ерекшелік бар. Бірі — айтыста болсын, шындықты жеткізіп өткір, шешен, тапқыр тілмен тыңдаушыны қүмарландырып сөйлеуі, екіншісі — тарихта болған батырларды үнемі желілі жырға айналдырып айтуы ("Ақындар"— 103-бет).
Сүйінбайдың көпшілікке мәлім, баспа бетін көрген өлеңдері тым аз және көркемдігі жағьшан да онша мәз емес еді. Мұның өзі, ақын өлеңдерін алғаш жариялаушылар оның көп өлеңінің көзін дұрыстап таппай, көркемдік мәнін солғындатып айтқан орашолақ ақындардың аузынанжазып алып, тым жасытып жібергенін байқатады. 1935 жылы шыққан „Сүйінбай ақын" деген оның түңғыш жинағы осындай болды. Бұл жинаққа ақынның айтыстары мен бірен-саран жеке өлеңдері енген-ді. Ал, бұл жинаққа дейінгі „Жаңа әдебиет" журналында (1926, № 6) жарияланған Сарыбас ақынға арнауы мен Сәкен Сейфуллин жариялаған Сүйінбайдың кәрілік туралы өлеңі түпнұсқаға өте жақын. Сүйінбайдың жоғарыда аталған 1930 жылдары жарық көрген көлемі шағын, көркемдігі әлсіз шығармалары негізінде 1940 жылдардан бастап, Сүйінбай шығармашылығын орта мектепке оқу құралдарына енгізу әрекеттері де істелді. Бұл салада Қ. Жұмалиев пен Е. Ысмайылов тұңғыш қадамдар жасаған болатын.
Сүйінбайдың өмірбаянына қатысы бар кейбір мәліметтерді жазушы С. Бегалиншң Жамбыл Жабаев өмірі туралы қолжазба кітабынан да ұшыратамыз. 1955—1960 жылдары біз Сүйінбай шығармаларын жинау жұмысына араласып, сол кезде көзі тірі көп ақындармен кездесіп, жаңа шығармаларының көзін таптық. Әсіресе, халық ақыны Әбдіғали Сариев табыс еткен Сүйінбай өлеңдері қүнды боп шықты. Онда бұрын жарияланбаған көптеген мәнді шығармаларына кезіктік. Бұрын баспаға шыққан кейбір туындыларын жаңа табылған нұсқамен салыстырып, олардың өзгешеліктерін тексеріп, түпкі асыл арнаның негіздерін табыс еттік. Біз салыстырған ақынның Тезекке айтқаны, кәрілік, Сарыбасқа, сары атқа айтқан арнауларынан біраз өзгешеліктер байқалады. Бірақ олардың жалпы сарыны бір.

Осылайша 1960 жылдан кейін Сүйінбай творчествосына біз жаңаша талдаулар жасап келеміз. Сөйтіп, ақын творчествосын зерттеудің 1960 жылдардан жаңа кезеңі басталды. Киров атындағы Қазақ университетінің әдебиет кафедрасының аспиранттары мен студенттері де бұл жұмысқа атсалыса араласты. Соның нәтижесінде ақын шығармаларының жаңа жинағы жасалды. Ел көкірегінде берік сақталып жетсе де, асқақ ақьшның асыл туындыларымен оқырман көпшілік осы кезден ғана толығырақ таныса бастады. Содан бері оның шығармаларының бірнеше басылымы жарық көрді.



Аршын төс алғыр қыранның қанат қағысы суылдап, ерте естілгенмен, қолға қонбай, көңіл күпті етіп, көп жылдар ел көңілінде қалып келген-ді. Енді ақиық ақынның шабытқа толы толғауларына қол жетті. 1975 ж. „Жазушы" баспасы „Ақиық" атты ақынның жаңа жинағын шығарды. Бұл жинақ 1990 ж. тағы басылды. Сүйінбай Аронүлының шығармаларының жаңа басылымы халық сақтаған қымбат мұраны бір қыдыру мол қамтып, ақынның алып бейнесін толық танытты.
Ақынның қолда бар шығармаларын түгелдей қарастырсақ, оларды негізгі үш салаға жатқызуға болады. Олар: толғаулар, арнаулар, айтыстар.
Сүйінбайды тек қазақ елі ғана емес, көрші Орта Азия халықтары да жақсы білген. Әсіріесе, оның есімі — туысқан қырғыз халқына жете таныс.
Халық арасында оның "Мақсұгқа", "Қасымға", "Жетісу билеріне", "Болыстарға баға", тағы да басқа сатиралық өлендері кеңінен танымал.
Сүйінбай - өзі туып-өскен еңбекші халық ортасында жасап, сол ортадан тәлім алып, жетілген өнер саңлағы, дәуір қайшылықтарын аша да жырлай да білген шыншыл ақын. Оның шағармалары - өзінің өміршендігі мен көркемдігі мен құнды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет