3. Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның əлеуметтік функиялары. Саяси көшбасшылықтың жіктелуі.
Саяси
көшбасшылықтың
жіктелуі - М.Вебер саяси көш
бастаушыларды
топтастыруға
алғаш қадам жасады. Ол саяси
серкелерді
"бедел"
ұғымына
негіздеп
былай
жіктеуді
ұсынды:
1) билік əкеден балаға мирас
ретінде
қалатын
əдет-ғұрып
жетекшілігі;
2) ерекше
қадір-қасиеті,
қабілетіне
(ақылдылығына,
батырлығына, т.б.) байланысты
билік басына келген харизмати-
калық топ бастар;
3) Конституция негізінде сайлау
арқылы
басшылық
орынға
келген саяси серкелер
.
Макс Вебер неміс ғалымы (1864-1920 жж)
В.Белл, Дж.Хилл жəне С.В.Миллздың саяси көшбасшылықты жіктеуі – зерттеушілер көшбасшылықтың келесі түрлерін
қарастырады: 1)
формалды (лауазымды қызметтегілер); 2)
танымал (қоғамға ықпалы бар тұлға); 3)
ықпалды (шынайы ықпалы
бар тұлға); 4)
қоғамдық (жеке ұйымдарда белсенділік танытатын
тұлға).
Е.С.Богардустың саяси көшбасшылықты жіктеуі ең
алғашқылардың бірі болып табылады. Онда
келесідей түрлері анықталған: 1)
автократиялық ;
2)
демократиялық ; 3)
атқарушы ; 4)
рефлексивті -
интеллектуалды .
Дж.В.Гетцель жəне Е.Г.Губа саяси көшбасшылық түрлерін былай
анықтайды: 1)
заңнамалық – көбасшылықтың рөлі мен оған
артылатын үмітті қоғамдық жүйедегі қызметтің нормативтік
өлшемдері анықтайды; 2)
идеографиялық көшбасшы – жеке
тұлғалардың талаптары мен қажеттіліктерін топтық қызметтің жеке
өлшемдері анықтайды;