«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет109/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1) Мағжан Жұмабаев «Педагогика»
2) Журнал «Бастауыш мектеп» 2002ж
3) Журнал «Дефектология» 2003ж 
4) Журнал «Тәрбиеші және бала» 2001ж
5) Лабзина А. Я., Васильченко Е, В. Обслуживающий труд. –М.: Просвещение, 1981.
6) Журнал «Ертегілер» 20016ж 
7) Журнал «Ертегілер»2015ж 
ЕРТЕГІЛЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ОҚУ - ТӘРБИЕ 
ПРОЦЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 
Бокижанова Г.К., Шутенова С.С., Нуркенова Г.К. 
«Болашақ» академиясы ЖММ 
 
Қазақ халық ертегілері - ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі 
болып табылады. Қазақ халық ертегілері – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға 
мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе 
жатқан асыл мұра. Қазақ халық ертегілерінің асылдық қасиеті, оның дүниеге келуі сонау ерте 
заман болса да, бүгінгі біздің дәуірімізде қажеттілігі күшейіп мән - мағынасының артып 
отырғандығында[1]. Ертегілер халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тұрмысы мен салтын, 
әдет-ғұрпын, нанымы мен сенімін білдіреді. Ертегілер қоғам дамыған сайын адамның да ой-
санасын өскен, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Қазіргі заманның жетістіктерін көре 
отырып, ертегі оқиғаларындағы халық арманының іске асқаның байқаймыз. 
Қазақ ертегілері өзінің тақырыптары, көтерген мәселелері, мазмұнына байланысты қиял-
ғажайып ертегілері, түрмыс-салт ертегілері, хайуанаттар туралы ертегілер, шыншыл 
ертегілер болып бөлінеді[2]. 
Ертегінің оқиға желісін алсақ, табиғаттың асау күштерімен алысып, малды аман сақтап 
қалу жолында, елінен, жерінен адасып кеткен ағаларын іздеп тапқан Ер Төстіктің ерлігін 
суреттесе, екінші жағынан, әр түрлі дию, пірілерімен күресі баян етіледі. “Ер 
Төстік”ертегісінде жалпы ертегілердің қаһармандарына тән іс-әрекеттер толық сақталады. 
Ер Төстіктің өзі – асқан күш иесі емес, жүректі жігіт. Ертегінің алға қойған негізгі мақсаты – 
табиғаттың сыры мәлімсіз күштерін жеңу. Адамға зиян ойлайтын Бектөре, Темірхан, 
Шойынқұлақ тәрізді жауыздың иелерінен үстем шығып, оларды қалай да өздеріне 
бағындыру болғандықтан, ер Төстікке көмекші әр түрлі жолдастар, серіктер береді. Әр түрлі 
жауыздықтардың ұясы болған адам баласына қастық қана ойлайтын кейіпкерлер Бектөре, 
Шойынқұлақ, Темірхан, пері, жын, дию, мыстан кемпірлер қаншама күшті, айлакер болса да, 
Ер Төстіктен жеңіледі. Халық жақсылықты алдан күтеді, болашаққа сенеді.
 
Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, 
ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл 
болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ 
тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, 
ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, 


261 
261 
олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер бастауыш мектеп 
оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы 
адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді[3]. Сонымен қатар 
баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - 
үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік 
қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - 
қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. 
Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін 
жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер 
ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан 
диплом жұмысы өзекті мәселеге арналған деп білеміз және де ертегілер арқылы бастауыш 
мектеп оқушыларының тілін дамыту енді-енді ғана қолға алынған мәселе екендігін 
ескерсек, біздің жұмысымыздың көкейкестілігі даусыз екендігіне ешқандай күмән 
жоқ[4]. 
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде ертегілердің түрлерін қарастырсақ, атақты 
әдебиетші М. Әуезов ертегіні үш түрге бөліп қарастырған. Олар: қиял – ғажайып, тұрмыс – 
салт, шыншыл ертегілері болып табылады. Алайда қазіргі зерттеулер нәтижесіне қарағанда 
ертегіні төрт түрге бөледі. С. Қасқабасов ертегідегі қияли идеялық қызмет атқарады, бірақ 
сюжеттен гөрі композицияның рөлі күшті болады деп есептейді. Ол ертегіні: хайуанаттар 
жайындағы, қиял – ғажайып, батырлық, новеллалық және сатиралық деп бөледі.
М. Әуезовтың ертегі түрлерін талдасақ қиял – ғажайып ертегілерінде «Керқұла атты 
Кендебай», «Аңшы бай» «Ұшқыш кілем» жатады деп есептейді. Оқушы осындай ғажайып 
достарының көмегімен мейірімді, адал дос адамын ардақтайды, оның күшіне мол сенім 
білдіреді. Оқушы барлық заттарға көзқарасы өзгеріп, кішіпейілдікке, мейірімділікке, дос 
болуға ішінен ой қорытады.
С. Қасқабасовтың пайымдауынша, қиял – ғажайып ертегілер – шығу тегі жағынан 
ертелік прозаның ең көнесі. Алғашқы қауымда пайда болған, жанрлық жанынан біркелкі 
емес. Бас қаhармандары: аңшы, мерген, кенже бала, тазша бала, жауынгер, батыр, т.б. бұқара 
халық өкілдері. Ертедегі табиғаттың дүлей күштерімен алысып, күнделікті өмір үшін аң – 
хайуанаттармен күрескен кезде халықтың арманы соларды жеңетін күшті батыр, балуан, 
мерген болды. Ал кейінгі дәуірде рулық қоғам тұсында халықтың арманы- өз елін бөтен 
елден, жаудан қорғайтын батыр болды.Ол қазақ өміріндегі қара шаңырақ иесі-кенже бала 
болды[5]. 
Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. бұларда көбінесе өмірде сирек 
кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ол ауызша 
айтылып, ел есінде ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып біздің дәуірімізге 
жеткен. Әр кезеңде ертегі айтушылар өз жандарынан ертегі мазмұнына жаңа оқиғалар 
қосқан. Сөйтіп ол үнемі жаңарып, толықтырылып, жетілдіріліп отырған. 
Халық ерте кезде-ақ әрқашан зұлымдықты әділеттік жеңеді, адам табиғаттың асау 
сырларын біліп, қолдана алатын болады деп сенген. Жақсы өмірді аңсаған қашықтарға тез 
жетуді, ғажап күшті болуды, көкке ұшуды, жер асатына түсіп, асыл қазынасын алып, 
пайдалануды армандаған. Соның бәрі ертегілерге арқау болған. Сондықтан да ертегілерде 
халық қиялы, арманы, даналығы ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесі бар.
Ертегілердің үш түрі бар. Олар:1. Хайуанаттар туралы ертегілер; 2. Қиял – ғажайып 
ертегілер; 3. Шыншыл ертегілер. 
Ертегі балаларды қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын жеткізуте және қайратгы істер 
жасауға жұмылдырады. Сондықтан балаларды ертегі оқуға қызықтыру, жақсы қасиеттерді 
оқушылар бойына сіңіру мақсатында «Ертегілер еліне саяхат» сабағын өткізуге болады. 
Сондай-ақ «Ертегіні кім көп біледі?» сайыс сабағын ұйымдастыруға да болады. Сайысты 
бірнеше бөлімнен тұратын етіп, біріші бөлімді «Кім тапқыр?» деп атау керек. Ертегіден 
үзінді бойынша сахналық қойылым көрсетіліп, көрген ертектің атын, қай халық ертегісі 
екенін айтуы керек. 


262 
262 
Бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытып, сөздік қорын молайтуда ертегілердің 
рөлі ерекше[6]. 
Ертегілерді меңгеруде, солар арқылы дамыту жұмыстарын жүргізгенде мыналарды: 
- Мәтінді бірінші болып мұғалімнің өзі оқуын; 
- Өлеңмен жазылған мәтінді оқығанда оның әуені мен ұйқасын келістіре оқуға, 
интонациялық, тактикалық жақтарының бұзылмауына; 
- Мәтінді мәнерлеп оқуға; 
- Мәтіндегі дыбыс үндістігінің бұзылмауына; 
- Мәтіндегі сөздердің қатесіз дұрыс оқылуына; 
- Балалардың түсініктерін мейлінше көркем тілмен өз сөздерімен айтып беруіне баса 
көңіл бөлу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет