«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет117/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Пайданылынған әдебиеттер тізімі
:
1.
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 2007. 
2.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдаған 
«Қазақстан 2030» үндеуі, 1997. 
3.
Абеуова И.А., Дусманбетов Г.А., Махаманова М.Н., Шерьязданова Х.Т., 
Психологическая служба в вузе – Алматы: 2004. 
4.
Жарықбаев Қ. Жалпы психология – Алматы: 2004. 
5.
Божович Л.И. Проблемы формирования личности – Воронеж, 1995. 
6.
Бекмұратова Г.Т. Мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалардың 
ерекшеліктерін психологиялық тұрғыда зерттеу. - Алматы: 2005. 
7.
Битянова М.Р. Практическая психология. - М.: 1997. 
8.
Байярд Р.Т., Байярд Д. Ваш беспокойный подросток: практ. Руководство для 
отчаявшмхся родителей. Пер. С англ. – М: Просвещение, 1991. 
ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 
ҚОЛДАНУ
Қ. Сатмухамбетова, П.З. Ишанов, Н.К.Медеубаев 
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ 
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше 
сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру 
мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да 
көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие 
үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 
Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске 
асырудың ұйымдастырушылық негізі – қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуын 
қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізгі құжаттардың бірі болып танылады[1]. 
Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту - таным әрекетін 
ұйымдастырудың ұтымды формасы. Мақсаты – оқу үрдісінің өнімділігін арттыру. 
Инновациялық технологияны қолдану: оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту 
кезеңдері арқылы іске асады. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар, оқушыны 
оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Баяндамада оқушының ойлау 
қабілетін арттыру үшін қолайлы деп санайтын инновациялық технологияларды қолдану 
әдістері туралы айтылады. 
Еліміздегі жоғары оқу орындарында білім мен ғылымдағы ең алуан түрлі және 
болашағы зор қазіргі заманғы білім беру технологиялары ендірілуде. Оқытудың кредиттік 
жүйесін, қашықтан оқыту формасын енгізуді, маман даярлаудың көпсатылы құрылымына 
көшуді, оқу үдерісінде қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен сабақ берудің озық 
әдістерін қолдануды атап айтуға болады.
Мұндағы негізгі мақсат – жаһандану заманында білімнің бүкіләлемдік кеңістігіне ену 
болып отыр. Осыған орай, білімнің мазмұны да, оған қойылатын талаптар да өзгереді. Сол 
себепті қазір жалпы барлық жоғарғы оқу орындарында оқытудың инновациялық 
технологиялары қолданыла бастады.
Сондықтан жаңашылдық керек, яғни, инновациялық жүйе негізінде оқу орынның 
профессор-оқытушы құрамдарының белсенділігін арттыру, өзіне сенімділігін қалыптастыру, 


286 
286 
танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту олардың белсенділік-сенімділік сапаларын 
диагностикалық әдіс-тәсілдермен анықтауға, сабақта, сабақтан тыс уақытта өз ойын еркін 
жеткізе білуге үйретуге, қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты көзқарастарының 
болуына, инновациялық тәртіп нормаларын, белгілерін, көрсеткіштерін анықтауға көмегін 
тигізеді. 
Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір ғана мақсатты көздейді, олар даму 
мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет. 
Жоғарғы оқу орындарында жұмыс істеудің жаңа үлгілері мен тәсілдерін енгізу және 
қабылдау жоғарғы оқу орындарында үздіксіз мұқтаждықтарынан туындайды. Сондықтан біз 
білім беруді демократияландыру мен ізгілендіруді 
үздіксіз жүріп, дамып отыратын қоғамдық үрдіс ретінде түсінеміз. 
Білім беру жүйесінде инновацияны енгізу, қабылдау мен жетілдірудегі тоқтаусыз үрдіс 
ретінде, күнделікті білім беру қызметінің бөлігі ретінде қарауды талап етеді [2]. 
Қоғам мен білім беруді ақпараттандыру- жауапкершілік сезімі мол, терең білімді, жаңа 
қоғамды жасаушы мамандар санының арта түсуін талап етеді. Барлық типтегі оқу 
орындарын, соның ішінде, жоғары оқу орындарын бітірушілердің кәсіби даярлығына 
қойылатын талаптар жоғарылауда. Білім берудің пәндік құрамы да толықтырыла түсуде. 
Информатика - іргелі және қолданбалы ғылым түрінде өндірістік күшті дамытудың және 
жаңа ақпараттық технологияның базасы ретінде, адамзат білімі жүйесіне өз үлесін қосып 
отыр және дербес меңгеруді талап етеді.
Ақпараттандыруда - білім беру жүйесі және онымен байланысты адамзат әрекеттерінің 
түрлері де бірге қалыптасады, нақтырақ айтқанда ол заманауи технологияның әсерімен 
маңызды өзгерістерді басынан өткере отырып оларға ықпал етеді. Бұл мәселеде әсіресе 
жоғары кәсіби білім беруді жетілдірудің алатын орны ерекше. 
Ақпараттық технология – объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа 
ақпарат алу үшін мәліметтер жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын 
пайдаланатын процесс. 
Компьютерлік технология – компьютерлік өңдеу базасындағы ақпараттық технология 
[1]. 
Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдерісінің басым бағыттарының бірі білімді 
ақпараттандыру – білім беру сферасын әдістемелік және техникалық жабдықтармен 
қамтамасыз ету, оқыту мен тәрбие берудің психологиялық-педагогикалық мақсаттарына 
негізделген заманауи технологияларды оңтайлы пайдалану болып табылады. Бұл үдеріс 
төмендегі әрекеттерді іске асырады: 
- білім беру жүйесін басқару механизмдерін автоматтандырылған ғылыми-
педагогикалық қорларды, коммуникациялық желілерді пайдалану негізінде жетілдіру; 
- қазіргі заманғы қоғамды ақпараттандыру шартында тұлғаны дамыту міндеттеріне 
сәйкес оқыту, тәрбиелеудің ұйымдастырылған формаларын әдістерін, сұрыптау 
стратегиялары мен әдістемесін жетілдіру; 
- студенттердің интеллектуалдық дамуына, өз бетінше білім алу дағдыларын 
қалыптастыруға, ақпараттық-оқу, тәжірибелік-зерттеу әрекеттерін іске асыруға, 
ақпараттарды өңдеу бойынша өзіндік жұмыстардың әртүрлілігіне бағдарланған оқытудың 
әдістемелік жүйелерін құру; 
-студенттердің білім деңгейін бағалау мен бақылауды айқындаушы компьютерлік 
тестілік бағдарлама жасау әдістемесін құру және қолдану. 
Педагогикалық бағыттағы мамандарды оқыту жүйесінде ақпараттық-компьютерлік 
технологияны пайдаланудың мақсаты жаңа ақпараттық қоғамдағы оқып үйренушінің кәсіби 
даярлықтарын арттыру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сондай-ақ, білім беру жүйесі 
буындарындағы оқу үдерісін жекелеу, қарқындату мен оқытудың сапасын арттыру 
әрекеттерін іске асырады.
И.Роберттің [3] ғылыми-зерттеу еңбектерінде жаңа ақпараттық технология құралдарын 
педагогикалық мақсатта қолданудың келесі негіздері белгіленген: 


287 
287 
1. Ақпараттық технологиялардың негізінде оқу-әрбие үдерісінің барлық деңгейін 
қарқындату бағытында, яғни 
- оқыту үдерісі сапасы мен тиімділігін көтеру; 
- танымдық іс-әрекет белсенділігін көтеру; 
- пәнаралық байланыстарды тереңдету; 
- қажет ақпаратты іздеу тиімділігі мен көлемін кеңейту. 
2. Оқып үйренушінің жеке тұлғасын дамыту, ақпаратық қоғам жағдайындағы өмірге 
өзіндік дайындықтар, яғни 
- түрлі ойлау қабылеттерін дамыту; 
- байланыс жолдары қабылеттілігін дамыту; 
- күрделі жағдайлардағы шешім нұсқаларын ұсыну; 
- компьютерлік графика мен мультимедиа технологиаларын пайдаланып, эстетикалық 
тәрбиелеу; 
- ақпаратты өңдеу және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру; 
- жағдай немесе мәселені моделдей білуді дамыту; 
- тәжірибелі-зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыра білуді қамтамасыз ету. 
3. Қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындау жұмыстары, яғни 
- ақпаратты сауатты тұлғаны даярлау; 
- тұтынушыны компьютер құралдарымен дайындау; 
- информатика аймағында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асыру. 
Жоғары кәсіптік білім беруді ақпараттандыру мәселелеріне арналған ғылыми және 
ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі ақпараттық іздеу, осы кезге дейін «Оқытудың 
ақпараттық технологиясы» түсінігінің дәл, нақты анықтамасы жоқ екенін көрсетті.
Осы түсініктерге байланысты әртүрлі дереккөздерден «Жаңа ақпараттық 
технологиялар», «Компьютерлік оқыту технологиясы», «Компьютерлік-педагогикалық 
технологиялар» және т.с.с. синоним сөздерді кездестіруге болады. «Жаңа» сөзі 
педагогикалық дерек сөздерде жиі қолданылады. Бұл жерде негізгі ой түрлі салалардың 
сонымен қатар педагогикалық саланың да құрамын түбегейлі өзгертетін жаңашылдық 
жайлы.
ЖОО-дарда компьютерлердің білім беруде қолдану мүмкіндіктерін арттыратын жаңа 
құрылғылық және бағдарламалық жабдықталуын құрайтын ортамен (техникалық орта; 
бағдарламалық орта; пәндік орта; технологиялық орта) сипатталатын «ақпараттық 
технологиялар» терминінің «компьютерлік технологиялар» түсінігін ығыстыруына алып 
келді. 
Педагогикалық әдебиеттерде өте көп кездесетін бұл түсініктің анықтамаларын кең 
мағыналы талдау, оларды түсіндірудің екі негізгі тәсілін анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет