«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет119/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми сөздігі. Информатика және компьютерлік 
технология. - Алматы «Мектеп», 2002. – 456 б. 
2. К.М.Беркінбаев, Б.Д.Сыдықов. Информатикалық пәндерді оқытудың педагогикалық 
технологиясы. // Қазақстан мектебі. 2006,
 
№11, 33-35 б.
 
3. Роберт И.В. Новые информационные технологии в обучении: дидактическая проблема, 
перспектива использования // Информатика и образование. 1991, №4, 18-25 б. 
 
4. Голубкова О. А. Использование активных методов обучения в учебном процессе: 
учебно-методическое пособие. СПб., 1998. 42 с. 
5. Панина Т. С. Современные способы активизации обучения / Т. С. Панина, Л. Н. 
Вавилова. М.: Изд. Центр «Академия», 2008. 176 с.


289 
289 
6. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған 
Мемлекеттік бағдарламасы. 
7. Сеңкібаев С. //Ұлт тағылымы – 2001ж - №2 
8. Демеуова Л. Ғаламдық ойлауға бейімдеу. // «Қазақстан мектебі» №12 Алматы, 2003 
ж 
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН 
ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ 
 
Жолымбекова Л.Д., Оразбаева Ж.Т., Ізбасарова М.С., 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауында, 1999 
жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында, 2000 
жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған «Білім» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей 
қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде 
білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-
ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім 
беру басымдығына, «жалпыға білім беру» моделін «әр адамға таңдау бойынша білім беру» 
моделіне көшуге негізделген. 
Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық 
білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие 
үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, 
мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген 
заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, студенттің даралық қабілетін дамыту (ойлау, 
өз бетінше жұмыс істеу, т.б) білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі 
білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен 
шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да, әрбір студенттің қабілетіне қарай білім 
беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын 
инновациялық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені, 
мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру инновациялық 
технологияны ендіруді міндеттейді. 
Жоғары оқу орындары оқытушыларының алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – 
оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және заманауи технологияларды меңгеру. 
Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ 
барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. 
«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар 
берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация- нақтылы бір 
адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан 
жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді. 
Қазір жоғары оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің 
қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім 
берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа 
идеялар, жаңа технологиялар бар.
Сондықтан, әртүрлі оқыту технологияларын әрбір студенттің жеке дара 
ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде пайдалану, сынап көру маңызды болып табылады. 


290 
290 
Заманауи инновациялық әдістерді ендіру өзара байланысқан енгізілген технологияның 
ерекшеліктері және жаңалықты енгізу жолдары арқылы анықталады. 
Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін оқытушылық аса зор тәжірибені 
жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі 
іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір оқытушы жаңа 
инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі 
қалыптастырады.
XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін 
қалыптастыру мәселелері–кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Болашақ мамандардың 
жаңа инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастыру мына 
көрсеткіштерді қамтиды:

мотивациялық өлшемдері - танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі жатады. Оған 
болашақ мамандарды қалыптастыру, болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға 
талпынуы, өз мамандығын жақсы көруі, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге 
бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері; 

мазмұндық өлшемдері - болашақ маманның жалпы мәдениеттілік дайынды 
ғы, мамандығы бойынша білімі, жалпы теориялық білім негіздерімен қарулануы;

бейімділік өлшемдеріне болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе алу 
қабілеті, бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы, микроорта өзгерістеріне сай, қолайлы 
инновациялық технологияларды таңдай алуы; 

танымдық өлшемдері - болашақ маманның кәсіби қоршаған ортаны жедел 
тани алуымен, өзін кәсіби жүзеге асырудың нәтижелі әдіс-тәсілдерін пайдалануымен, 
инновациялық технологияларға қызығу танытумен ерекшеленуі;

іс-әрекеттік өлшемдері - болашақ маманның өзінің кәсіби іс-әрекетінің мақ- 
саты мен міндеттерін анықтай алуы; 

шығармашылық өлшемдері - шығармашылық ептілік, белсенділік, болашақ 
маманның шығармашылық-ізденушілік дамуы; 
Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже 
құралады.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, 
сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
1) білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология 
түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби 
біліктілігіне тікелей байланысты; 
2) жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде 
ғана жетістікке жетуге болады; 
3) жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының 
материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық 
әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды. 
Қазіргі 
жас 
ұрпақтың 
саналы 
да 
сапалы 
білім 
алуының 
бірден-
бір шарты – оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновация лық 
технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті.
Сондықтан, 
ғылыми-
техникалық прогрестен қалыспай, жаңа инновацияларды дер кезінде 
қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір оқытушының негізгі міндеті болып 
табылады.


291 
291 
Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны 
жүзеге асыру міндет. Ал, жаңа инновациялық технологияның негізгі міндеттеріне – әрбір 
білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра 
білу, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу, өз бетінше 
жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, аналитикалық ойлау қабілетін дамыту жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет