«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет254/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Заттық-ойындық
ортаны безендіруде төмендегі шарттарды сақтау қажет:ойын 
бұрыштарын әр түрлі тақырыптағы ойыншықтармен және басқа ойындық материалмен 
қамтамасыз 
ету;ойын 
бұрыштары 
ойынның 
даму 
деңгейіне 
байланысты 
безендіріледі.Мысалы, үш жастағы балаларға оқу жылының басында ойнауға тек 
ойыншықтар ғана беріледі. Ойынды әрі қарай күрделендіру ойын әрекеттерін елестеткен 
заттарды қатыстырып ойнауға ынталандыратын әр түрлі безендіру элементтерін қолдануды 
мәжбүр етеді. 
Балалардың байытылған ойын тәжірибесін өз бетінше шығармашылықпен қолдануына 
ойындық проблемалық жағдайлар көмектеседі, олар шығармашылық ізденіске бағыттайды, 
білімдерін, ойын тәжірибесін жинақтайды. Ойындық проблемалық жағдайлар заттық-
ойындық ортаны өзгерту жолымен де ересек адамның балалармен ойын мазмұны жөнінде 
белсенді қарым-қатынас жолымен де жасалады. 
Ойын процесінде тәрбиешінің балаларды белсендіретін қарым-қатынасын 
ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптар: 
1)Тәрбиеші балалармен ойын ынтымақтастығына енеді, олармен диалог құрастырады. 
Тәрбиеші ойын барысында балаларға өзін көрсетуге еркіндік беру қажет. 
2)Қарым-қатынас мақсатты, дәлелденген болу үшін тәрбиеші оны алдын-ала 
ойластыруы қажет, яғни қарым-қатынасты ұйымдастыру алдын-ала жоспарланады. 
3)Белсендіретін қарым-қатынасқа уақытында, балалар білмей қиналып тұрғанда немесе 
бұрынғы ойын дағдыларын қолданатын кезде кірісу қажет. Бұл тәрбиешінің ойнаушылардың 
қасында болып, бәрін байқап тұруын қажет етеді. 


568 
568 
4)Ойын кезінде балалардың ойларын бұзбау үшін және ойынның сюжеттік және 
психологиялық мазмұнын байыту мақсатында ойнаушыларға дұрыс бағыт беру үшін 
тәрбиеші ойынға сыпайы, әдепті кірісу қажет. 
Шығармашылық ойын
– ерте жаста қалыптасады. Бүлдіршіндер тамақтанады, 
серуендейді, ұйықтайды, ересек адамдардың тамақ дайындауын, ыдыс-аяқ жуғанын, басқа 
шаруалар орындағанын бақылайды. Соныменбірге балалар әр түрлі заттардыөздері 
пайдаланып немесе ересек адамдардың пайдаланғанын бақылап отырады. Осы жаста 
қалыптасқан дамудың әлеуметтік жағдайына байланысты, балалар ересек адамдардың іс-
әрекеттеріне емес, олардың пайдаланатын заттарына қызығады. Балалар заттардың 
атауларын естеріне сақтап, оларды пайдалану туралы біліп, қасиеттерімен танысады. 
Мысалы, мынау – тәрелке, онымен сорпа ішеді, ботқа жейді, т.б. Балалар күнделікті өмірде 
істей алатын әрекеттерін өздерінің ойындарында көрсете алады. Балаларды ойынға 
қатыстыру үшін тәрбиеші оларға ойын міндеттерін қоюды үйретеді. 
Ойын міндеттері
– ойында көрініс табатын өмірден алынған кішігірім оқиға.Осы 
жаста ойын міндеттері мазмұны бойынша қарапайым болып келеді. Ойын міндеттерінің 
мазмұны қоршаған ортадан алынады. Ойында балалар әр түрлі ойын міндеттерін қояды, бұл 
қоршаған орта туралы алған әсерлеріне байланысты. Олар неғұрлым бай болса, ойын 
міндеттері соғұрлым көп болады. Ойын міндеттерін көбейтуге басқару мақсаты болмау 
керек, бала бір-екі ойын міндеттерін қойса, соның өзі сюжеттік-көрсету ойынына жеткілікті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет